Жолдауда демократиялық, құқықтық мемлекет ретінде дамудың жаңа бағыттары айқындалды – заң ғылымдарының докторы

0
67

Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ заң факультетінің деканы, заң ғылымдарының докторы Жамаладен Ибрагимов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында демократиялық, құқықтық мемлекет ретінде дамудың жаңа бағыттары айқындалды деп санайды.

 

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы демократиялық, құқықтық, әлеуметтік мемлекет ретінде дамудың жаңа бағыттарын айқындады. Экономикалық салада инвестиция, өнеркәсіп, кәсіпкерлікті дамыту жолында міндеттер белгіленді. Салық кодексіне өзгеріс енгізу арқылы бизнес, экономика саласын серпін беру қажеттілігі көрсетілді. Әділетті мемлекеттің адамдардың құқығын қорғау Жолдаудың арнайы бөлімінде айтылды. Заңның үстемдігін қамтамасыз ету арқылы құқық қорғау саласына жаңғырту қажеттілігі айтылды. Адамдар мүддесіне қызмет ететін мемлекет тұжырымына сәйкес құқыққорғау органдары қызметін жаңарту керек. Полиция органының қызмет көрсету форматын одан әрі жалғастыру туралы көзқарас білдірілді», деп көрсетті Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ заң факультетінің деканы, заң ғылымдарының докторы Жамаладен Ибрагимов.

Мемлекет басшысы үш бағыттағы модель: полиция қылмыстарды болдырмау, қылмыстарды ашумен айналысса, прокурор қылмыстық іске қатысты процессуалды шешім қабылдаса, соттар әділ шешім шығарып, мемлекеттік органдарға қатысты шағымдарды қарастыруы тиіс. Әкімшілік, қылмыстық құқық бұзушылық ұғымдарын нақтылауға қатысты тапсырмалар берілді. Дауларды шешудің баламалы тәсілдерін жетілдіріп, құқыққорғау саласын жетілдіруге қатысты комиссия құру туралы айтылды. Прокурор мен адвокаттардың тепе-теңдігі, әділетті сот жүйесін дамытуға ерекше назар аударылды. Адам құқықтарын әлеуметтік желілерде қорғауды қолға алу керектігі айтылды.

Осы бағытта «Азаптауға қарсы күрес», «Адам саудасы» туралы заңдар нормаларының халықаралық құқық талаптарына сәйкес сақталуына көңіл бөлінді. Қылмыстық және қылмыстық іс-жүргізу заңнамасының тұрақтылығын қамтамасыз ету бірыңғай сот тәжірибесіне оң ықпал ететін атап көрсетті. Мемлекет басшысының Жолдауы  жауапты мемлекет, жауапты қоғам, жауапты азамат тұжырымдамасының негізін салып, мемлекет дамуының басты бағдарын айқындады.