00:00
Астана -10oC
USD:
475.03
EUR:
517.21
RUB:
5.44
Іздеу

Елордадағы ерекше көшелер

19.06.2023 | 23:00
106
Фото: Оңалхан Өнерхан

Автобустарда кейбір көшелердің атын естігенде аң-таң боласыз ба? Ендеше Астанадағы атауы ерекше көшелер туралы жазбамызды жалғастырамыз, деп хабарлады Elorda.info.

Ақсу-аюлы көшесі. Бұрынғы атауы – № 55 көше. «Оңтүстік-Шығыс» тұрғын алабы. Талғар көшесінен басталып, Зеренді көшесінде аяқталады. Обаған көшесімен қиылысады. Ұзындығы – 544,9 м. Ақсу-Аюлы – қола дәуірінің орта және соңғы кезеңдерінің ескерткіштері. Қарағанды облысы, Шет ауданының орталығы.

Ақсүйек көшесі. Бұрынғы атауы – № 69 көше. Бекет ата көшесінен басталып, Сыпатай батыр көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 334.1 м. Ақсүйек – қазақтың ұлттық ойыны.

Алтын сақа көшесі. Бұрынғы атауы – № 28 көше. Мұхамет-Салық Бабажанов көшесінен басталып, Байғозы батыр көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 395,0 м. Алтын сақа – ертегі, қазақ халық ауыз әдебиетінің туындыларының бірі.

Аңырақай көшесі. Бұрынғы атауы – К.Цеткина көшесі. Мұғалжар көшесінен басталып, Ақкемер, Жайсаң көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 8176,6 м. Аңырақай – біріккен қазақ қолының жоңғар басқыншылығына қарсы жүз жылдық азаттық соғысында бетбұрыс жасаған ең ірі жеңісі. Болат ханның бастауымен үш жүздің хандары, билері, сұлтандары мен батырлары қатысқан Ордабасы жиынында бүкіл қазақ қолының бірігуі – жауға қарсы бірыңғай стратегиялық шабуылға шығуға мүмкіндік туғызды. Аңырақай жеңісі тәуелсіздікті аңсаған қазақ елінің тұтастығын сақтап қала алатындығын айқын дәлелдеді.

Арасан көшесі. Алпамыс көшесімен қиылысып, А.Тоқпанов көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 423,1 м. Арасан – шипалы, емдеуге қолданылатын жылы жер асты су көздері. Қазақстанның арасан сулары емдік қасиеттері бойынша дүние жүзіндегі атақты шипалы сулардан кем түспейді.

Арғанаты көшесі. Бұрынғы атауы – № 59 көше. Оңтүстік-Шығыс тұрғын алабы. Құндызды көшесінен басталып, Марқакөл көшесінде аяқталады. Шертер, Талғар көшелерін қиып әтеді. Ұзындығы – 946,4 м. Арғанаты – Қарағанды облысы Ұлытау ауданының солтүстігіндегі тау сілемдері.

Байзақ датқа көшесі. Бұрынғы атауы № 82 көше. Доспамбет жырау көшесінен басталады. Ұзындығы – 605,0 м. Байзақ Мҽмбетұлы (1789-1864) – Қоқан хандығына және Ресей империясына қарсы ұлт-азаттық күресті ұйымдастырушы батыр.

Балауса көшесі. Бұрынғы атауы – Цветочный көшесі. М.Мақатаев көшесінен басталып, Құлынды көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 382,3 м. Балауса – ылғалды жерде өсетін шалғын шөп. Поэтикалық атау.

Барлық жаңалықтар