00:00
Астана -10oC
USD:
475.03
EUR:
517.21
RUB:
5.44
Іздеу

«Жаңару» қоғамдық бірлестігінде жемқорлықпен күрес мәселелері талқыланды

19.06.2024 | 15:51
Олжас Сүлейменов
111
«Жаңару» қоғамдық бірлестігінде жемқорлықпен күрес мәселелері талқыланды
Фото: дереккөз

Астанада «Жаңару» жалпыұлттық қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған жиында «Бас редакторлар клубы» РҚБ, «Нұр-Медиа» холдингі, «ELORDA Aqparat» басшылары мен өкілдері жемқорлыққа қатысты ойларын ортаға салды, деп хабарлады Elorda.info.

Мемлекеттік құрылымдарда ғана емес, қоғамның барлық салаларында әшкереленген жемқорлардың аты-жөнін, шыққан тегін, жүрген ортасын толық жазып-көрсетудің өзектілігі, адамға бір жағылған жаман атының жеті атасынан асып кететінін көпшіліктің есіне салып отырудың маңыздылығы айтылды.

Жемқорлықпен күресуде әр халықтың өз жолы, дәстүрі қалыптасу керек. Тіпті әскери қызметте жайсыз оқиғалардың орын алуының себептерін де елге жария еткен жөн. Жастарды көшеде ұстап, желкелеп әскери комиссариатқа әкету тәуелсіз, бейбіт елдің тәртібі мен мәдениетіне мүлдем жат қылық. Керісінше, үлгілі қызметі үшін сарбаздардың еліне, жұртына, отбасына, жұмыс істеген ұжымына әскери бөлімнен алғыс айту тәжірибесін жалғастыруға, Үкімет тарапынан уәде етілген әлеуметтік жеңілдіктер пакетін ұтымды насихаттауға болар еді. Осы және өзге де қоғамдағы өткір тақырыптарды журналистермен бірге зерттеп, талқылау, тиісті орындарға ұсыныс әзірлеу жоспарланды, - деді қоғам қайраткері Дархан Мыңбай.

Сондай-ақ, жиынға қатысушы тараптар – ұйымдар, редакция басшылары, заңгерлер, болашақ журналистер сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте күш-жігерді біріктіріп, ортақ жобаларды жүзеге асыру бойынша өзара мәміле жасасты.

Барлық жаңалықтар