00:00
Астана -10oC
USD:
472.62
EUR:
513.22
RUB:
5.43
Іздеу

ТЖМ ата-аналарға маңызды ескерту жасады

ТЖМ ата-аналарға маңызды ескерту жасады
Фото: ашық дереккөз

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі ата-аналарға маңызды ескерту жариялады, деп хабарлады Elorda.info.

ТЖМ ескертеді:

- балаларды суға жібермеңіздер және оларды қараусыз қалдырмаңыздар;

- өзіңіз бен жақындарыңыздың қауіпсіздігіне сақ болыңыздар;

- судағы қауіпсіздік ережелерін сақтаңыздар: шомылуға тыйым салынған жерлерде шомылуға болмайды; тереңдігі белгісіз суға сүңгуге болмайды; қалқымалардан ары қарай жүзуге болмайды; мас күйінде суға түспеңіз; су көліктеріне жақын жүзбеңіз.

 Сондай-ақ жыл сайын биіктен құлап, қайтыс болған балалар саны көбейгеніне де байланысты бірқатар ескерту жасады.

Олар: 

- кішкентай балаларды қараусыз қалдырмаңыз;

- ешқашан москит торларына сенбеңіз, олар құлаудан қорғауға арналмаған;

- балаларға ересектердің қарауынсыз балконға шығуға рұқсат бермеңіз.

Барлық жаңалықтар