00:00
Астана -10oC
USD:
472.62
EUR:
513.22
RUB:
5.43
Іздеу

Министр Светлана Жақыпова азаматтарды қабылдады

25.06.2024 | 18:14
Олжас Сүлейменов
115
Министр Светлана Жақыпова азаматтарды қабылдады
Фото: дереккөз

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова Азаматтарды қабылдау орталығында жеке қабылдау өткізіп, еліміздің әр өңірінен келген азаматтардың мәселелерін қарады, деп хабарлады Elorda.info.

Министрге медициналық-әлеуметтік сараптама қорытындысына, мүгедектіктің белгіленген тобын қайта қарауға, жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыруға, еңбек заңнамасын түсіндіруге қатысты және т.б. сұрақтармен жүгінді.

Светлана Жақыпова азаматтардың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдап, олардың сауалдарына егжей-тегжейлі жауап берді. Қарауға қосымша уақытты талап ететін мәселелерді өзінің жеке бақылауына алып, ҚР ЕХӘҚМ тиісті департаменттеріне қолданыстағы заңнамаға сәйкес өз құзыреті шеңберінде оларды шешуге көмек көрсетуді тапсырды.

Барлық жаңалықтар