00:00
Астана -10oC
USD:
478.58
EUR:
520.84
RUB:
5.44
Іздеу

Ұлттық ұланда фотобайқау жеңімпаздары анықталды

18.06.2024 | 17:24
Сабина Кәкімжан
134
Ұлттық ұланда фотобайқау жеңімпаздары анықталды
Фото: ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметі

Әскери қызметшілердің балалары арасында құқықтық тәртіп әскерінің имиджін арттыру мақсатында «Мен — Отан қорғаушымын!» фотобайқауы өтті, деп хабарлады Elorda.info.

Ұлттық ұланның баспасөз қызметі таратқан мәліметке сүйенсек, байқау балалардың бойында патриоттық сезімді тәрбиелеу, Отанға құрмет көрсету және әскери қызметтің беделін арттыру мақсатында ұйымдастырылды.

Байқауға өңірлік қолбасшылықтардан, Ұлттық ұлан Академиясынан және тікелей бағыныстағы әскери бөлімдерден 90-нан астам өтінім келіп түсті. Байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлері ҚР Ұлттық ұланының Instagram-дағы ресми аккаунтында жиналған дауыс саны арқылы анықталды.

Дауыс беру қорытындысы бойынша І орынды 5451 әскери бөлімі байланыс қоймасының аға маманы қатардағы Балжан Тұрсынованың 1433 дауыс жинаған ұлы Рамазан Тұрсын иеленді. ІІ орын Қазақстан Республикасы Ұлттық ұлан академиясы 1 оқу батальонының 2 оқу ротасы 2 оқу взводының командирі капитан Жанарбек Қайыржановтың ұлы – 1230 дауыс жинаған Жанали Бүркітке бұйырды. Көшбасшылар үштігін «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы тыл басқармасы киім-кешек қызметінің бастығы майор Нұржан Алданазаровтың балалары толықтырды. Мансұр мен Әлинұр Алданазаровтар 982 дауыс жинаған.

Ұлттық ұланның қоғамдағы имиджін арттыруға белсенді қатысқан және жүлделі орындарға ие болған әскери қызметшілердің балалары ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы генерал-лейтенант Еркін Ботақановтың атынан дипломдармен, алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Барлық жаңалықтар