00:00
Астана -10oC
USD:
475.03
EUR:
517.21
RUB:
5.44
Іздеу

Елордалық полицейлер жалған ақпарат жариялаған тұрғынды анықтады

19.06.2024 | 15:37
Олжас Сүлейменов
110
Елордалық полицейлер жалған ақпарат жариялаған тұрғынды анықтады
Фото: ашық дереккөз

Астана тұрғыны TikTok әлеуметтік желісінде Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Маралды ауылындағы жағдайды баяндайтын видео жариялаған, деп хабарлады Elorda.info.  

Әйел ауыл тұрғындарының 3 жылдан бері алтын өндіретін фабриканың заңсыз құрылысымен күресіп, кен өндіру кезінде улы зат қолданып, жарылыс жасайтынын айтады. Видеорепортаж барысында арна авторы жазылушыларынан басылымды таратуды сұраған.

Полиция қызметкерлері тексеру жүргізіп, нәтижесінде қолданушы таратқан ақпараттың дұрыс еместігі белгілі болған.

Жалған ақпаратты орналастыру және тарату фактісі бойынша 45 жастағы елорда тұрғынына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 456-2-бабының 5-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалды. Сот оған 30 АЕК көлемінде айыппұл салу туралы шешім шығарды.

Барлық жаңалықтар