00:00
Астана -10oC
USD:
475.03
EUR:
517.21
RUB:
5.44
Іздеу

Елордада тағы бір көше жөндеу жұмыстарына жабылады

10.07.2024 | 17:50
Сабина Кәкімжан
98
Елордада тағы бір көше жөндеу жұмыстарына жабылады
Фото: Оңалхан Өнерхан

Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Мәңгілік Ел даңғылы мен Сарайшық көшесінің қиылысындағы көлік айырығында оң жақ съездерде жол төсеміне орташа жөндеу жүргізеді, деп хабарлады Elorda.info.

Бұл туралы қалалық әкімдіктің ресми сайты мәлімдеді.

Осыған байланысты 11-25 шілде аралығында жоғарыда аталған учаске толығымен жабылады (Мәңгілік Ел даңғылынан Қошқарбаев даңғылына дейінгі оң жақ съездер). Бұл ретте көлік қозғалысы іргелес Ақмешіт және Түркістан көшелерінде жүзеге асырылады. Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет, - деп жазылған хабарламада.

Барлық жаңалықтар