00:00
Астана -10oC
USD:
475.03
EUR:
517.21
RUB:
5.44
Іздеу

«Ел жүрегі – Астана!»: елордада жүгіруден жарыс өтеді

10.07.2024 | 17:29
Сабина Кәкімжан
91
«Ел жүрегі – Астана!»: елордада  жүгіруден жарыс өтеді
Фото: қалалық әкімдіктің ресми сайтынан

13 шілде күні Астана күніне арналған «Ел жүрегі – Астана!» атты бұқаралық жүгіру іс-шарасы өтеді, деп хабарлады Elorda.info  қалалық әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.

Іс-шара ботаникалық бақтың ішінде өтеді. Орынбор көшесі жағынан бастау алып, сол жерде аяқталады.

Бұқаралық іс-шараға байланысты жолдар жабылмайды.

Жарысқа қашықтықты еңсеруге қабілетті барлық ниет білдірушілер шақырылады: үлкен жарыс – 4000 метр, ал кіші жарыс – 1300 м.

Қатысуға ниет білдірушілерді тіркеу жарыс күні, яғни 13 шілде күні сағат 07:00-ден 08:00-ге дейін жалғасады. Басталуы: 08:00.

Тіркелу тегін.

Іс-шара спорттық жарыс болып саналмайды! Барлық қатысушыларға мәре соңында медальдар беріледі.

Қатысушылар лимиті – 1000 адам.

Барлық жаңалықтар