00:00
Астана -10oC
USD:
473.15
EUR:
515.12
RUB:
5.4
Іздеу

ҮЕҰ-ға арналған сыйлықақы алуға өтінімдер қабылдау жалғасып жатыр

11.07.2024 | 11:05
Олжас Сүлейменов
131
ҮЕҰ-ға арналған сыйлықақы алуға өтінімдер қабылдау жалғасып жатыр
Фото: ашық дереккөз

Үкіметтік емес сектордың қызметін қолдау мақсатында 2017 жылдан бастап Мәдениет және ақпарат министрлігі үкіметтік емес ұйымдарды сыйлықақы түрінде ынталандыру тетігін енгізді, деп хабарлады Elorda.info.

ҮЕҰ үшін сыйлықақы – бұл республикалық, салалық және өңірлік деңгейлердегі әлеуметтік міндеттерді шешуге қосқан үлесі үшін үкіметтік емес ұйымдарға бюджет қаражаты есебінен берілетін ақшалай сыйақы.

Осы уақытқа дейін 420 ҮЕҰ сыйлықақы иегерлері атанды (2017 жылы – 59 ҮЕҰ, 2018 жылы – 63 ҮЕҰ, 2019 жылы – 63 ҮЕҰ, 2020 жылы – 38 ҮЕҰ, 2021 жылы – 64 ҮЕҰ, 2022 жылы – 54 ҮЕҰ, 2023 жылы – 79 ҮЕҰ).

ҮЕҰ-ға арналған сыйлықақы келесі 16 маңызды сала бойынша әлеуметтік міндеттерді шешуге қосқан үлесі үшін ҮЕҰ-ға беріледі («Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы» Заңның 5-бабына сәйкес) adilet.zan.kz):

1) білім беру, ғылым, ақпарат, дене шынықтыру және спорт саласындағы мақсаттарға қол жеткізу;

2) азаматтардың денсаулығын сақтау, салауатты өмір салтын насихаттау;

3) қоршаған ортаны қорғау;

4) жастар саясаты мен балалар бастамаларын қолдау;

5) отбасылық-демографиялық және гендерлік мәселелерді шешуге жәрдемдесу;

6) халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарын қолдау;

7) жетім балаларға, толық емес және көпбалалы отбасылардағы балаларға көмек көрсету;

8) халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге жәрдемдесу;

9) азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, заңды мүдделерін қорғау;

10) мәдениет пен өнерді дамыту;

11) тарихи-мәдени мұраны қорғау;

12) қоғамдық келісімді және жалпыұлттық бірлікті нығайту;

13) өздерінің есебінде тұрған адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету кезінде пробация қызметіне жәрдемдесу;

14) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізу;

15) азаматтық қоғамды дамытуға, оның ішінде үкіметтік емес ұйымдар қызметінің тиімділігін арттыруға жәрдемдесу;

16) волонтерлік бастамаларды дамыту және қолдау.

Мәдениет және ақпарат министрлігі 2024 жылғы 1 шілдеден бастап 2 қыркүйекке дейін (қоса алғанда) ҮЕҰ-ға арналған сыйлықақы конкурсына өтінімдер қабылдауды жүргізеді (сыйлықақылар ҮЕҰ-ға арналған сыйлықақыларды беру қағидалары негізінде беріледі adilet.zan.kz).

Конкурсқа қатысуға келесі ҮЕҰ-лар жіберіледі:

Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген ҮЕҰ;

- 2023 жылдың қорытындысы бойынша ҮЕҰ дерекқорына мәліметтер ұсынған ҮЕҰ;

- Соңғы үш жылда сыйлықақы иегерлері болып табылмайтын ҮЕҰ.

Конкурсқа қатысуға жіберілмейтін ҮЕҰ-лар:

- үкіметтік емес ұйымның филиалдары немесе өкілдіктері;

- 2023 жылдың қорытындысы бойынша ҮЕҰ дерекқорына мәліметтер ұсынбаған ҮЕҰ;

- соңғы 3 (үш) жыл ішінде сыйлықақы алған ҮЕҰ.

Барлық жаңалықтар