00:00
Астана -10oC
USD:
473.15
EUR:
515.12
RUB:
5.4
Іздеу

Бектенов ұялы байланыс операторларының тарифті негізсіз өсіруіне жол бермеуді тапсырды

18.06.2024 | 14:08
Торғын Аман
120
Бектенов ұялы байланыс операторларының тарифті негізсіз өсіруіне жол бермеуді тапсырды
фото: primeminister.kz

ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Қазақстандағы интернет пен мобилді байланыс сапасын жақсарту мәселелері қаралды. Бұл туралы Elorda.info Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

Олжас Бектенов еліміздегі байланыс пен интернеттің сапасына назар аударды. Тек өткен жылдың өзінде байланыс сапасына шамамен 21 мың шағым келіп түсті, биылғы жылғы 5 айда мұндай шағымдар саны 11 мыңға жуықтаған.

Мәселе тек шалғай елді мекендерде интернеттің нашар болуында ғана емес, ірі қалаларға, сондай-ақ шекара маңындағы пункттерге де әсер етеді. Бұл мәселелерді кідіріссіз шешу және қолданыстағы инфрақұрылымды жаңғырту тапсырылды.

«Операторлардың әдетке айналдырған тарифтер құнын ұлғайту мәселесі жеке назарды талап етеді. Бәсекелестікті дамыту мақсатында байланыс қызметтерінің тарифтерін мемлекеттік реттеу алып тасталғаны белгілі. Бәсекелестік қана бас реттеуші болуға тиіс. Алайда, әзірге бұл байқалмай отыр – операторлардың барлығында бағалар шамамен бірдей. Бұдан басқа, Салық кодексінің шеңберінде операторлар үшін радиожиілікті спектрге 90% мөлшерінде жеңілдік көзделген. Осы ретте операторлар лицензиялық міндеттемелерге сәйкес үнемделген қаражатты байланыс инфрақұрылымын дамытуға инвестициялау тиіс. Сондықтан Министрлік монополияға қарсы органмен бірлесіп операторлардың өз міндеттемелерін толыққанды орындауын және бағалық сөзбайласу мен тарифтердің негізсіз артуына жол бермеуді қамтамасыз етуі қажет», — деді Олжас Бектенов.

Талдықорғанда білім бөлімінің лауазымды тұлғалары сотталды
23.07.2024 | 14:45
Талдықорғанда білім бөлімінің лауазымды тұлғалары сотталды
Елордалық полицейлер тонауға қатысы бар күдіктіні ұстады
23.07.2024 | 14:05
Елордалық полицейлер тонауға қатысы бар күдіктіні ұстады
Жыл басынан бері 31 есірткі зертханасы жойылды
23.07.2024 | 12:52
Жыл басынан бері 31 есірткі зертханасы жойылды
Тестілеу орталығы: Жалған ҰБТ сертификатымен грант ұтып алмақ болған 10 түлек анықталды
23.07.2024 | 12:13
Тестілеу орталығы: Жалған ҰБТ сертификатымен грант ұтып алмақ болған 10 түлек анықталды
Өзбекстан Қазақстанға 4 млрд текше метрге жуық су жіберді
23.07.2024 | 11:55
Өзбекстан Қазақстанға 4 млрд текше метрге жуық су жіберді
«60 млн теңге жымқырып, 4 млн теңге пара алған»: Астанада спорт саласындағы шенеунік сотталды
23.07.2024 | 11:36
«60 млн теңге жымқырып, 4 млн теңге пара алған»: Астанада спорт саласындағы шенеунік сотталды
Мемлекет басшысы Мысыр Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
23.07.2024 | 09:08
Мемлекет басшысы Мысыр Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
ҰҚК синтетикалық есірткі өндірілген жасырын зертхананы анықтады
22.07.2024 | 21:04
ҰҚК синтетикалық есірткі өндірілген жасырын зертхананы анықтады
Алматы облысында «Қазпошта» кассирлері мемлекеттік баждан түскен ақшаны қолды қылған
22.07.2024 | 20:11
Алматы облысында «Қазпошта» кассирлері мемлекеттік баждан түскен ақшаны қолды қылған
Сенатор Нұртөре Жүсіп «Оқжетпес» ұжымына елімізде жүргізіп жатқан реформаларды түсіндірді
22.07.2024 | 19:06
Сенатор Нұртөре Жүсіп «Оқжетпес» ұжымына елімізде жүргізіп жатқан реформаларды түсіндірді
Барлық жаңалықтар