00:00
Астана -10oC
USD:
475.03
EUR:
517.21
RUB:
5.44
Іздеу

Ақмола облысы полицейлері адасып кеткен ауыл тұрғындарын іздеп тапты

Ақмола облысы полицейлері адасып кеткен ауыл тұрғындарын іздеп тапты
Фото: дереккөз

Далада адасып кеткен ауыл тұрғындары табылды, деп хабарлады Elorda.info Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

6 шілдеде таңғы сағат 10.30 шамасында Степногорск қаласының полиция басқармасына жақын маңдағы ауыл тұрғыны туыстарының жоғалып кеткені туралы хабарлаған.

5 адамнан тұратын топ Аudi автокөлігімен Қараоқты ауылына қарай зиратқа кетіп, бір тәулік бойы байланысқа шықпаған. Степногорск қаласы ПБ Бестөбе кентінің полиция бөлімінің бастығы Нұрбек Сұлтанғазиев, кезекші бөлімнің инспекторы Бақытбек Кәрімов және ювеналды полиция тобының инспекторы Әсемгүл Әбенова дереу іздестіру іс-шараларын ұйымдастырды.  Бізді қатты алаңдатқаны бұл топта зейнеткер болды. Ол жасына байланысты мұндай сапарды көтере алмауы мүмкін еді, – делінген хабарламада.

Полицейлер Степногорск қаласынан 30 шақырым жерде жоғалып кеткен жүргізушіні тапты. Жаңбырдан кейін оның көлігі батпаққа кептеліп, істен шыққан, өзі әлсіреген. Жүргізуші қалаға жаяу бармақ болып, бірақ адасып кеткен. Далада бір тәулікке жуық уақыт өткізген.

Полицейлер іздеуді жалғастырды. Осылайша іздеу тобы далада 10 сағаттан астам уақыт өткізді. Нәтижесінде жоғалған ауыл тұрғындары Изобильное ауылынан шамамен 30 шақырым жерде табылды.

Барлық жаңалықтар