Elorda.info

Елімізде ұрлық саны 2 есе азайды

Зорлау да ауыр қылмыс санатына жатады

Елімізде ұрлық саны 2 есе азайды

Қазақстанда ұрлық саны 2 есеге азайды, деп хабарлады Elorda.info.

Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов 2019 жылы ұрлық, мал ұрлау және зорлау ауыр қылмыс санатына ауысқанын айтты.

Бұл ұрылар мен қылмыскерлерді тұтқындауға ғана емес, оларды қоғамнан оқшаулауға мүмкіндік берді. Қылмыстың қайта жасалуына жол бермейді. Нәтижесінде ұрлық саны 2 есеге қысқарды (2019 жылы – 108 мың; 2022 жылы – 46 мың). Ал мал ұрлағаны үшін жеке жаңа қылмыс құрамы енгізілді. Бұл мал ұрлығын 2,5 есеге азайтты (2019 жылы – 3 292; 2022 жылы – 1 271), - деді министр.

Зорлау да ауыр қылмыс санатына жатады. Қылмыстың осы түрін жасағаны үшін татуласуға тыйым салынады. Осылайша, күдікті жауапкершіліктен құтыла алмайды. Нәтижесінде бұл қылмыстардың саны да 2 есе азайды.

Бөлісу!
жапсырмалар:

АҚПАРАТ АҒЫНЫ

Әртүрлі