00:00
Астана -10oC
USD:
473.15
EUR:
515.12
RUB:
5.4
Іздеу

«Qnet» қаржы пирамидасының басшылары тергеліп жатыр

25.02.2023 | 05:13
Елорда ақпарат
49

Қаржылық мониторинг агенттігінің Ақмола облысы бойынша аумақтық департаменті жүргізген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде «Qnet» компаниясы халықаралық қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшесінің бір топ тұлғаcы мен басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. 

Компанияның Қазақстан Республикасының аумағында тіркеуі жоқ, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырмайды, банктік қызмет пен банктік операцияларды жүргізуге лицензиялар мен рұқсаттар жоқ. Көкшетау қаласының мамандандырылған тергеу соты іс бойынша сотталушылардың біріне қатысты «үйқамаққа алу» бұлтартпау шарасына санкция берді, – деді Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметінің өкілі Әлібек Әбділов.

Оның сөзінше, Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіне қатысты өзге де мәліметтер жарияланбайды.

Қаржылық мониторингі агенттігі азаматтарды сақ болуға және қаржылық пирамидаларға тартатын алаяқтардың айлаларына түспеуге шақырады. Егер сіз қаржылық пирамидаға тап болсаңыз немесе таныстарыңыз бен жақындарыңыз осындай пирамидаға тартылған болса, агенттікке хабарласыңыз, – деп айтты Әлібек Әбділов.

Барлық жаңалықтар