Elorda.info

Нұр-Сұлтан әуежайында Алматыдағы тәртіпсіздікке қатысқан күдіктілер ұсталды

Нұр-Сұлтан әуежайынан Ресейге кетпекші болған Қазақстан Республикасының азаматтары ұсталды, деп хабарлады Elorda.info.

Нұр-Сұлтан әуежайында Алматыдағы тәртіпсіздікке қатысқан күдіктілер ұсталды

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәліметінше, тексеру барысында олардың ұялы телефондарынан Алматы қаласындағы митингке, демонстрациялық әрекеттер мен бұзақылықтарға қатысқандығын растайтын бейнежазбалар табылды.

2022 жылғы 16 қаңтарда «Нұр-Сұлтан» Шекаралық бақылау басқармасының әскери қызметшілері Астана әуежайының нысандарын күзету мен қорғауды жүзеге асыру кезінде мінез-құлық белгілері бойынша Ресей Федерациясына кетуге бағыт алған Қазақстан Республикасының 2 азаматын ұстады. Олардың жүгі мен қол жүгін тексеру барысында пышақтар, кастеттер мен кісендерден тұратын суық қару түрлері табылды, – делінген хабарламада.

 

Бөлісу!
жапсырмалар:

АҚПАРАТ АҒЫНЫ

Әртүрлі