Elorda.info

Қылмыстық топ мемлекетке 1,9 млрд теңге шығын келтірген

Қаржылық мониторинг агенттігінің мамандары Шымкентте 13 адамнан құралған қылмыстық топтың жолын кесті деп хабарлайды Elorda.Info агенттіктің бапсасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қылмыстық топ мемлекетке 1,9 млрд теңге шығын келтірген

Қылмыстық топ 2019-2020 жылдар аралығында ел бойынша 18 фирма ашып, жалған шот-фактуралар жасау арқылы қаражатты қолма-қол ақшаға айналдырып отырған.

«Екі жылдың ішінде бұл фирмалардың заңсыз айналымы 8,3 миллиард теңгені құрады. Оның ішінде компаниялардың банктік шоттарынан 3,6 миллиард теңге қолма-қол ақшаға айналдырылды. Бір атап өтерлігі, 18 компанияның кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін қажетті өндірістік-техникалық базасы, қызметкерлер штаты және қойма үй-жайлары болмаған», - делінген агенттік таратқан хабарламада.

Қылмыстық әрекеттердің салдарынан мемлекетке төленбеген салық түрінде 1,9 миллиард теңгеден астам сомаға залал келтірілді. Сот шешіміне сәйкес қылмыстық топтың мүшелері әртүрлі мерзімге – 2 жылдан 4 жылға дейін бас бостандығынан айырылды.

 

АҚПАРАТ АҒЫНЫ

Әртүрлі