00:00
Астана -10oC
USD:
477.03
EUR:
521.44
RUB:
5.43
Іздеу

Ұлттық санақ пазл сияқты: дұрыс болжам жасау үшін халық барынша толық қатысуы керек – статистика бюросы

24.02.2023 | 17:10
Елорда ақпарат
86

«Ұлттық санақтан өту не үшін маңызды?» деген онлайн-брифинг көрерменінің сауалына:

«Ұлттық санақ пазл сияқты: дұрыс болжам жасау үшін халық барынша толық қатысуы керек. Мысалы, осы санақ нәтижелеріне қарап халықтың өсімі, тұрғын үйлер, мектептер, балабақшалар секілді әлеуметтік нысандардың салынуы жайлы болжам құрастырылады. Сондықтан бұл іс-шараға қатысуды азаматтық парызымыз деп қабылдауымыз керек», – деп жауап берді ҚР Ұлттық статистика бюросы Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаментінің басшысы Жорабек Дәуренов.

Сондай-ақ ол шетелдегі қазақстандық студенттердің санақтан өту мүмкіндігіне де тоқталды.

«Қазіргі таңда ұлттық санақтың ресми сайты – sanaq.gov.kz әлемнің кез келген елінде қолжетімді. Сыртта жүрген отандастарымыз осы сайтқа кіріп, санақтан онлайн өте алады. Кімнің өткен-өтпегенін қадағаламаймыз, әрине. Бірақ біз адамдарға санақтан өтудің маңызды екенін түсіндіреміз, жеткіземіз. Ал қанша адамның санақтан өткені жайлы мәлімет жаңағы ресми сайтты тұрады», – деді ведомство басшысы.

Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Малика Бектұрованың айтуынша, елордада ұлттық санаққа қатысу жұмысы қарқынды жүруде. Бүгінге дейін қала тұрғындарының 80 пайыздан астамы санақтан өтті.

Барлық жаңалықтар