00:00
Астана -10oC
USD:
457.98
EUR:
490.86
RUB:
5.26
Іздеу

Жыл басынан бері қазақстандықтарға қанша зейнетақы төленді

24.04.2023 | 11:30
78

Жыл басынан бері республикалық бюджеттен 824,3 млрд теңге сомасына зейнетақы төленді, оның ішінде базалық зейнетақы – 253,1 млрд теңге, ынтымақты зейнетақы – 571,2 млрд теңге, деп хабарлады Elorda.info.

2023 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша зейнеткерлер саны – 2 млн 297 мың адам.

Ал жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 120 798 теңгені құрады, оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері – 82 953 теңге, базалық зейнетақы – 37 845 теңге болды.

2018 жылғы 1 шілдеден бастап мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі зейнетақы жүйесіндегі өтілін ескере отырып, әр алушыға жеке тағайындалатынын еске саламыз.

Бұл ретте 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ынтымақты жүйеде жұмыс істеген уақыты, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналары (бұдан әрі – МЗЖ) төленген кезеңдер зейнетақы жүйесіндегі еңбек өтіліне қосылады.

Егер азаматтың зейнетақы жүйесіндегі өтілі 10 жыл немесе одан аз болса, сондай-ақ мүлде жоқ болса, базалық зейнетақы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 60%-на тең болса, содан кейін 10 жылдан асқан әр жыл үшін оның мөлшері 2 %-ға артады. Ал егер сіздің өтіліңіз 20 жыл болса, базалық зейнетақы төменгі күнкөріс деңгейінің 80 %-ын құрайды. Еңбек өтілі 30 жыл немесе одан көп болса, күнкөріс деңгейінің ең жоғарғы мөлшерінде яғни 100% белгіленеді.

Егер бір ай ішінде міндетті зейнетақы жарналары Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына бірнеше рет аударылса, жинақтаушы жүйеге қатысу мерзімі бір айды құрайды.

Осылайша міндетті зейнетақы жарналары неғұрлым тұрақты және толық көлемде аударылатын болса, зейнет жасына жеткенде базалық зейнетақы төлемдерінің мөлшері соғұрлым көп болады.

Өз кезегінде азаматтың жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің мөлшері 1998 жылғы 1 қаңтардағы жұмыс өтіліне (кем дегенде 6 ай қажет) және зейнеткерлікке дейінгі кезеңдегі орташа айлық табысына байланысты болады.

Президент су тасқынымен күреске белсене атсалысқан азаматтарды марапаттады
19.06.2024 | 12:42
Президент су тасқынымен күреске белсене атсалысқан азаматтарды марапаттады
Мүгедектігі бар және асыраушысынан айырылғандарға 289 млрд теңге жәрдемақы төленді
19.06.2024 | 10:17
Мүгедектігі бар және асыраушысынан айырылғандарға 289 млрд теңге жәрдемақы төленді
Қазақстанда алғаш рет жас мамандарға арналған «Jas Kenes Siylygy» байқауы өтеді
18.06.2024 | 14:48
Қазақстанда алғаш рет жас мамандарға арналған «Jas Kenes Siylygy» байқауы өтеді
Биыл көпбалалы 582 мыңнан астам отбасыға жәрдемақы төленді
18.06.2024 | 12:56
Биыл көпбалалы 582 мыңнан астам отбасыға жәрдемақы төленді
Атырауда азаматтық некедегі әйелін пышақтап кеткен күдікті іздестіріліп жатыр
18.06.2024 | 09:33
Атырауда азаматтық некедегі әйелін пышақтап кеткен күдікті іздестіріліп жатыр
«Өзге баланы жерлеген»: Қызылордада мәйітхана қызметкерлері сәбилердің денесін шатастырып алған
17.06.2024 | 16:45
«Өзге баланы жерлеген»: Қызылордада мәйітхана қызметкерлері сәбилердің денесін шатастырып алған
66 мыңнан астам отбасы атаулы әлеуметтік көмек алды
17.06.2024 | 09:54
66 мыңнан астам отбасы атаулы әлеуметтік көмек алды
«Наурыз» бағдарламасы бойынша қанша өтініш қабылданғаны белгілі болды
14.06.2024 | 21:05
«Наурыз» бағдарламасы бойынша қанша өтініш қабылданғаны белгілі болды
Қазақстанда отбасы мәселелерін шешу үшін кейс-менеджмент енгізіліп жатыр
14.06.2024 | 20:18
Қазақстанда отбасы мәселелерін шешу үшін кейс-менеджмент енгізіліп жатыр
Елімізде бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкілдердің мәртебесі бекітіледі
14.06.2024 | 15:01
Елімізде бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкілдердің мәртебесі бекітіледі
Барлық жаңалықтар