00:00
Астана -10oC
USD:
443.35
EUR:
475.54
RUB:
4.82
Іздеу

Жастардың 6 мыңға жуық бизнес жобасына жеңілдетілген несие берілді

14.03.2024 | 08:51
54
Фото: ашық дереккөз

«Аграрлық несие корпорация» АҚ-ға қазақстандықтардан жеңілдетілген шағын несиелер алуға барлығы 7,7 мың өтінім түскен.

Жергілікті атқарушы органдарға шағын несиелерді беруге қаражат 2023 жылғы ақпан-наурыз айларында бөлінгенін, осыған орай бюджет қаражаттарын игеру 2024 жылғы ақпан-наурызға дейін жүзеге асырылды.

Келесі өңірлерде шағын несиелердің ең көп саны берілді: Түркістан (625), Қызылорда (492), Жамбыл (483) облыстарында, Астана (451) қаласында.

26,4 млрд теңге сомасына 5 658 шағын несие бизнес жобаларды іске асыруға берілді, оның ішінде шағын несиелердің 35,4% ауыл тұрғындарына берілген.

Несие алушылардың басым көпшілігі мал шаруашылығы, қызмет көрсету, сауда, жеңіл өнеркәсіп салаларын қамтыды, - делінген Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпаратында.

Шағын несие 21 жастан 35 жасқа дейінгі жастарға өз кәсібін ашуға немесе оны кеңейтуге, 5 жылдан аспайтын мерзіммен жеке кәсіпкер ретінде тіркелген жағдайда беріледі. Бұл ретте қатысушылардың «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ға өтініммен жүгінген уақыттағы жасы ескеріледі.

Шағын несие мөлшері 5 млн теңгеге дейін, ал қатысудың ең ұзақ мерзімі – 5 жылға (кез келген мақсатқа) немесе 7 жылға дейін (мал шаруашылығы саласындағы жобалар үшін). Номиналды сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 2,5%-дан аспайды.

Шағын несие алушылар үшін негізгі борыш пен сыйақыны өтеу бойынша жеңілдікті кезең беріледі, ол шағын несие мерзімі ұзақтығының үштен бірінен аспайды.

Кепілмен қамтамасыз етудің болуы міндетті шарт болып табылады. Кепілмен қамтамасыз ету ретінде келесілер қабылданады:

- екінші деңгейдегі банктердегі шоттарда орналастырылған ақша қаражаты;

- республикалық маңызы бар қалаларда, облыстық маңызы бар қалаларда, аудан орталықтарында, облыстық және аудандық бағыныстағы қалаларда, сондай-ақ ауылдарда және ауылдық елді мекендерде жылжымайтын мүлік;

- жеке меншік құқығындағы/бастапқы ұзақ мерзімді өтеулі жер пайдалану (жалға алу) (егістік) құқығындағы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері;

- жайылымдарды суландыру және қоршау инфрақұрылымы бар жер учаскелері;

- бау-бақша өсіруге арналған жер учаскелері;

- мамандандырылған техника.

Кепілмен қамтамасыз ету болмаған жағдайда кепіл берушіні (ата-аналарын, туыстарын және т.б.) тартуға болады.

Өтінім беру үшін құжаттар пакетін «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ филиалына тапсыру қажет.

Шағын несиелер арнайы комиссияның шешімі негізінде беріледі, оның отырыстарында үміткерлер өздерінің бизнес-жобаларын таныстырады.

2024 жылдың сәуір айынан бастап шағын несиелер алуға өтінімдер барлық облыстар мен Астана, Алматы және Шымкент қалаларында қабылданады.

Барлық жаңалықтар