00:00
Астана -10oC
USD:
442.05
EUR:
474.14
RUB:
4.74
Іздеу

Жастар пойыздарға билетті жеңілдікпен алады

24.08.2023 | 02:30
50
Фото: ашық дереккөз

«Жастар» жеңілдік картасы көмегімен 15 пен 25 жас аралығындағы жолаушылар қала маңына қатынайтын пойыздарда 25 пайыздық жеңілдікпен жүре алады, деп хабарлады Elorda.info

Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі мәлімдеді.

Бұған дейін жеңілдік Алматы-2 – Орал, Алматы – Петропавл, Алматы-2 – Маңғыстау, Атырау – Алматы-2, Нұрлы жол Астана – Шымкент станциялары қатынасындағы коммерциялық пойыздарға (турист, купе, плацкарт) ғана қолданылды, - делінген хабарламада.

Айта кетейік, жеңілдік картасының қолданылуы 2023 жылдың 1 қыркүйегінен 31 желтоқсанына дейін пойыздардың жөнелту күнімен қала маңы қатынасындағы пойыздарға пилоттық режимде жүргізіледі.

«Жастар» дисконттық картасын «Жолаушылар тасымалы» АҚ билет кассаларында ресімдеуге болады. Оның құны 3000 тг құрайды. 

Жарамдылық мерзімі – іске қосылған сәттен бастап 1 жыл. Bilet.railways.kz сайтында және «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның барлық билет кассаларында теміржол билеттерін сатып алу кезінде «Жастар» картасын пайдалануға болады.

2023-08-23_15-30-25.png

Жолаушылар пойыздарының қозғалыс кестесі бойынша анықтамалық ақпаратты «1433» тегін нөмірі және «KTZH_PP_BOT» Телеграмм боты арқылы алуға болады.

Барлық жаңалықтар