00:00
Астана -10oC
USD:
443.35
EUR:
475.54
RUB:
4.82
Іздеу

Жұмыссыз азаматтарға SMS арқылы жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы хабарланды

18.05.2023 | 08:00
42

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 23-35 жас аралығындағы 25 мыңнан астам қазақстандық жұмыссыз жастарға жұмысқа орналасу мүмкіндігі туралы SMS-хабарламалар жолдады, деп хабарлады Elorda.info.

Азаматтарға бір мезгілде жұмыс іздеу, тегін оқудан өту және жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік қолдаудың басқа да шаралары туралы SMS-хабарламалар жіберілді.

Еліміздің әрбір азаматы Enbek.kz порталы, халықты жұмыспен қамту орталығы немесе 1414 бірыңғай байланыс орталығы арқылы жұмысқа орналасу, жұмысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлем тағайындау және басқа да мемлекеттік қолдау шаралары туралы кеңес ала алады.

Айта кетейік, 1 қаңтардан бастап Қазақстанда Отбасының цифрлық картасы енгізілді. Ол мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің деректері негізінде мемлекеттік қолдау алуға құқылы азаматтарды анықтап, оларға проактивты форматта көмек көрсетуге мүмкіндік береді.

Барлық жаңалықтар