00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Тұрғын үй құрылысына 1 трлн теңгеден астам қаржы бөлінді

23.04.2024 | 15:21
68
фото: дереккөзден

Бұл туралы Үкімет отырысында Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев баяндады, деп хабарлады Elorda.info.

Жиында сала басшысы биыл 64 мың азаматтың тұрғын үй жағдайын жақсарту мақсатында тұрғын үй құрылысына 1 трлн теңгеден астам қаржы бөлінгенін мәлімдеді.

Еліміздегі жалпы тұрғын үй құрылысын алсақ, соңғы 5 жылда тұрғын үй құрылысына 12 трлн теңгеден астам инвестиция тартылып, 78,5 млн ш. м. жаңа тұрғын үй пайдалануға берілді. Осылайша, барлық қаржыландырудың көздері есебінен 695 мың отбасы тұрғын үй жағдайларын жақсартты.

2030 жылға қарай, қаржыландырудың барлық көздері есебінен 111 млн ш. метр тұрғын үй салу және 1 млн астам отбасын жаңа тұрғын үймен қамтамасыз ету жоспарланып отыр, – деді Қанат Шарлапаев.

Барлық жаңалықтар