Тергеуші 14 жастағы қыздың жалаңаш фотосын желіге жариялап жіберген
![](/img/watch-gray.png)
![](/img/articles/uploads/krr_e16595be9e.jpg)
Семейде тергеуші зорлықтың құрбаны болған жасөспірім қыздың жалаңаш фотосын мессенджерде жариялаған. Осыған орай қыздың ағасы әділдік іздеп жүр, деп хабарлады Elorda.info.
Stan.kz-тің жазуынша, былтыр желтоқсанда 14 жастағы қыз 18 жастағы жігіттің арбауына түсіп қалған. Қызды бақытты етуге уәде еткен бозбала арам ойын жүзеге асырған соң, қызды әжуа еткен. Жәбірленушінің айтуынша, қызға ішімдік ішкізіп, киімсіз фотоға түсірген.
Қарындасым басында шындықты жасырды. Кейін жігіттің берген түсініктемесін көрген соң болған оқиғаны айтып берді. 14 жастамын дегеніне қарамай, қарындасыма шарап ішкізіп, мас етіп, ойына келгенін істеген. Жалаңаш фотоға түсірген. Полиция тергеушісі Ақерке Сәкенова қарындасыммен сондай дөрекі сөйлесті. Біздің адвокатымыз тергеушінің қылығын көріп, көзбе-көз беттестірмеді. Тергеуші Ақерке Сәкенова дөрекілігімен қоймай, ватсап желісіндегі статусына қарындасымның жалаңаш фотоларын жариялаған, - дейді Талғат Омаров (аты-жөні өзгертілген).
Бұл оқиғадан соң жасөспірім қыз суицид жасамақ болған. Абырой болғанда ағасы көріп, құтқарып қалыпты.
Бізден хаттамамен алған ұялы телефондағы фотолардың бәрін жариялаған. Оны туыстарымның бәрі көрген. Тергеушінің жариялаған фотосынан скриншот жасап алдық. Мен тергеуші Ақерке Сәкеноваға хабарласып: «Неге бұлай істейсіз? Фотоларды жариялауға сіздің хақыңыз жоқ. Мен ертең прокуратураға барамын» дедім. Ақерке Сәкенова маған «Мне плевать, иди куда хочешь» деді де трубканы лақтыра салды, - дейді Талғат Омарова.
Оның айтуынша, тергеуші жасөспірім қыздың ұялы телефонындағы қылмыстық іске қатысты біраз ақпаратты еш рұқсатсыз өшіріп тастаған. Жәбірленуші тарап тергеуші әділ жазасын алсын дейді. Ал Полиция департаментінің айтуынша, қызметкерге қатысты тергеу жүріп жатыр.
Абай облыстық Полиция департаменті қазіргі уақытта тиісті тексеру жүргізіліп жатқанын хабарлайды. Қызметтік тергеу нәтижесі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын полиция қызметкерінің іс-әрекетіне түбегейлі баға беріледі, - деп хабарлады Абай облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Қылмыстық іс бойынша бірқатар қажетті сот сараптамасы тағайындалды, олардың нәтижесі бойынша процестік шешім қабылданады.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру және жүргізіліп жатқан тексеру барысы полиция департаменті басшылығының бақылауында болады, - деді ведомство өкілдері.
![Елімізде субсидия беру шарттарына өзгеріс енгізілді](/img/articles/32e341cd42188f1ca288ab321c83a9f7.jpg)
![Майқайың кенішінде 7 ай бұрын шұңқырға құлаған автобус табылды](/img/articles/d6def48c7dabbdda6b14c0f21a41e279.jpg)
![Мас күйінде көлік жүргізген Қостанайдың бас имамы қызметінен кетті](/img/articles/31ad1caff5adaf4bdf664ef4e3ec8388.jpg)
![Қызылордада 150 отбасы баспаналы болды](/img/articles/f85ae577a82ba1fd63c2b6a7587adc9a.jpg)
![Елімізде «Балаларды суда қорғаңыздар» республикалық акциясы басталды](/img/articles/2c30bbdac73444ea15b131f7dc7ffeae.jpeg)
![Қызылордада қан орталығы ашылды](/img/articles/9cf5d69f522d9e3d6dee9b4df0a8dc73.jpg)
![Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау мәселелері талқыланды](/img/articles/c41ec71c9f2ecdeca01914ebeca009b4.jpg)
![Мектеп жиналысында бірін-бірі балағаттаған ақсулық ата-аналардың ісі сотта қаралды](/img/articles/1c5c264c10b72372cb7451ac5db5b731.webp)
![Қазақстанда алғаш рет ұрықтың өмірін сақтау бойынша бірегей ота жасалды](/img/articles/ee78cb17332100fb0da38d418a5bd9d2.jpg)
![Шымкентте «ауызашар» өткізем деп радикалды ұйымға үгіттеген топ мүшелері ұсталды](/img/articles/1bba407652f531cbfc1bb54a633f21ea.webp)
![«Келешек» бағдарламасы: Балаға есепшотты қашан ашу керек?](/img/articles/529b59b614c141fefc4d2f3bf14ec0db.jpeg)
![Ата-ана мен баланың арасындағы қарым-қатынас неге бұзылады](/img/articles/uploads/M_Qaq_Pc96_HOS_Tw3_Kfp_K61_DH_1_Dk_V4_Pjc_To_Kg1_I_Vh_Bo_jpg_width_1200_Xheight_auto_Xtype_1_1811cf51e9.jpg)
![Роман Скляр Ақтөбе облысындағы су тасқыны жағдайымен танысты](/img/articles/503331a18b750342f54edc9152e1a544.jpg)
![2023 жылы Ораза қашан басталады](/img/articles/uploads/633ada224c5d0678507428_78f7824421.jpg)
![Қазіргі таңда тұтас ел болып осы алпауыт апатпен күресіп жатыр- Аян Сәлімгерей](/img/articles/a4cd1694e8de78c3d0a0acda41fe3dfa.jpeg)
![Тойға қанша қаражат жұмсаймыз?](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2023_08_24_at_15_45_08_6d81d50650.jpeg)
![«Алтын белгі» алуға қойылатын талаптар күшейтілуі мүмкін](/img/articles/uploads/616ff04176bd9683684180_84dea5293b.jpg)
![«Отау»: Жаңа тұрғын үй бағдарламасы арқылы кімдер баспана алады?](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2024_02_29_at_11_17_01_cdcebeeef0.jpeg)
![Елордада әлеуметтік қолдау мәселелері бойынша халықпен кездесу өтті](/img/articles/968227457805fc2cb35e3ae3076ae9d7.jpg)
![Шерзод Пулатов: Ассамблея – ұлт бірлігі мен ынтымағының тиімді жолбасшысы](/img/articles/86afd90d3edc2e03a928d313cc3c230a.jpg)