00:00
Астана -10oC
USD:
443.35
EUR:
475.54
RUB:
4.82
Іздеу

Теміржол билеттері жеңілдікпен сатылады

15.09.2023 | 16:00
49
Фото: rail-news.kz

«Жолаушылар тасымалы» АҚ бірнеше бағыт бойынша күзгі теміржол билеттеріне жеңілдіктер жариялады, деп хабарлады Elorda.info.

18 қыркүйектен 26 қазанға дейін және 6 қарашадан 7 желтоқсанға дейін «Жолаушылар тасымалы» АҚ Тальго пойыздарында үш теміржол бағыты бойынша жеңілдіктер енгізеді:

– № 79/80 «Астана – Арқалық» – билет құнынан 20% жеңілдік;

– №81/82 «Астана – Қостанай» – 30%;

– №65/66 «Астана – Жезқазған» – 40%.  

Жеңілдікпен билеттерді ресми bilet.railways.kz сайтынан және «ҚТЖ билеттері» мобильді қосымшасы арқылы (андроид-платформасында қолжетімді) сатып алуға болады. 

Сондай-ақ, жолаушылар «Алтын» және «Күміс» жеңілдік карталарын қолдана отырып, жеңілдік мөлшерін 55% дейін арттыра алады.

Жеңілдіктер туралы қосымша ақпаратты 1433 тегін нөмірі және «ktzh_pp_bot» Телеграмм-боты арқылы алуға болады.

Барлық жаңалықтар