00:00
Астана -10oC
USD:
443.35
EUR:
475.54
RUB:
4.82
Іздеу

 Түркістан облысында екі қап есірткі тәркіленді

05.01.2024 | 13:00
45
фото: дереккөзден

Батыс Қытай - Батыс Еуропа трассасының 601-шақырымында Honda Odyssey көлігі тоқтатылды. Көліктің жүксалғышынан екі қап есірткі табылды, деп хабарлады Elorda.info

Бұл туралы Polisia.kz Telegram арнасы жазды.

Алынған заттар сараптамаға жіберілді. Тәркіленген заттың 40 келіге жуық кептірілген марихуана екені анықталды.

Есірткіні заңсыз тасымалдау дерегі ҚР ҚК-нің 296-бабы "Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу" бойынша тіркелді.

Ер адам қамауға алынды. Тергеу жүргізіліп, барлық жағдайлар, сондай-ақ есірткі жеткізу арналары анықталып жатыр.

Барлық жаңалықтар