Су тасқынынан зардап шеккен отбасылар үшін 1 828 үй салынып жатыр
![Су тасқынынан зардап шеккен отбасылар үшін 1 828 үй салынып жатыр](/img/articles/5783d2926e9019e7dffc407d3657eb49.jpeg)
Премьер-Министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында су тасқынынан зардап шеккен өңірлердегі жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарының барысы қаралды. Қазіргі кездегі жағдай туралы өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев баяндады, деп хабарлады Elorda.info.
Қазақстанда су тасқыны салдарынан 18 005 жылжымайтын мүлік нысаны зардап шеккен деп танылды. Олардың 17 295-де сараптама нәтижесі бар. Бір апта ішінде ресімделген қорытындылардың артуы 1 375 құрады. 2 245 нысанның құрылысын жүргізу, жылжымайтын мүлік нарығынан 5 235 үй мен пәтер сатып алу, 9 819 тұрғын үйді жөндеу жоспарланған.
Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев баяндағандай, ТЖ салдарынан баспанасынан айырылған азаматтарға тұрғын үй беру Қағидасына түзетулер енгізілуіне байланысты БҚО-да тұрғын үй саны 4 042-ден 6 061-ге дейін өсті.
Бүгінгі таңда елімізде 1 828 үйдің құрылысы басталды, бұл 81%-ды құрайды. Бұл ретте БҚО мен Ақмола облысында құрылыс жұмысы мен жұмылдырудың төмен қарқыны орын алуда. Ақтөбе облысы мен БҚО-да әлі күнге дейін 2 122 үй су астында қалып отыр. ТК қорытындыларының жоқтығына қарамастан, меншік иелері үшін тұрғын үй салу және сатып алу бойынша шаралар қабылдануда.
Жылжымайтын мүлкі жарамсыз деп танылған қазақстандықтар үшін 1 943 нысан сатып алынды. Бүгінгі таңда 1 772 үйдің иелері төлем алды.
Ахуалдық орталық және Еңбек ресурстарын дамыту орталығы барлық кезеңдерде eGov және «Әлеуметтік көмек» ААЖ арқылы азаматтардан өтініштерді қабылдау және өңдеу процесін бақылайды. Цифрландыру есебінен іске асыру кезеңдері бөлінісінде мониторинг қамтамасыз етілді.
Әр өңірдегі жаппай құрылыс алаңдарында тәулік бойы онлайн қолжетімділігі бар 52 камера орналастырылған. Алдағы аптада Ақтөбе облысында қосымша 6 камера қосылады.
![Елімізде субсидия беру шарттарына өзгеріс енгізілді](/img/articles/32e341cd42188f1ca288ab321c83a9f7.jpg)
![Майқайың кенішінде 7 ай бұрын шұңқырға құлаған автобус табылды](/img/articles/d6def48c7dabbdda6b14c0f21a41e279.jpg)
![Мас күйінде көлік жүргізген Қостанайдың бас имамы қызметінен кетті](/img/articles/31ad1caff5adaf4bdf664ef4e3ec8388.jpg)
![Қызылордада 150 отбасы баспаналы болды](/img/articles/f85ae577a82ba1fd63c2b6a7587adc9a.jpg)
![Елімізде «Балаларды суда қорғаңыздар» республикалық акциясы басталды](/img/articles/2c30bbdac73444ea15b131f7dc7ffeae.jpeg)
![Қызылордада қан орталығы ашылды](/img/articles/9cf5d69f522d9e3d6dee9b4df0a8dc73.jpg)
![Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау мәселелері талқыланды](/img/articles/c41ec71c9f2ecdeca01914ebeca009b4.jpg)
![Мектеп жиналысында бірін-бірі балағаттаған ақсулық ата-аналардың ісі сотта қаралды](/img/articles/1c5c264c10b72372cb7451ac5db5b731.webp)
![Қазақстанда алғаш рет ұрықтың өмірін сақтау бойынша бірегей ота жасалды](/img/articles/ee78cb17332100fb0da38d418a5bd9d2.jpg)
![Шымкентте «ауызашар» өткізем деп радикалды ұйымға үгіттеген топ мүшелері ұсталды](/img/articles/1bba407652f531cbfc1bb54a633f21ea.webp)
![«Келешек» бағдарламасы: Балаға есепшотты қашан ашу керек?](/img/articles/529b59b614c141fefc4d2f3bf14ec0db.jpeg)
![Ата-ана мен баланың арасындағы қарым-қатынас неге бұзылады](/img/articles/uploads/M_Qaq_Pc96_HOS_Tw3_Kfp_K61_DH_1_Dk_V4_Pjc_To_Kg1_I_Vh_Bo_jpg_width_1200_Xheight_auto_Xtype_1_1811cf51e9.jpg)
![Роман Скляр Ақтөбе облысындағы су тасқыны жағдайымен танысты](/img/articles/503331a18b750342f54edc9152e1a544.jpg)
![2023 жылы Ораза қашан басталады](/img/articles/uploads/633ada224c5d0678507428_78f7824421.jpg)
![Қазіргі таңда тұтас ел болып осы алпауыт апатпен күресіп жатыр- Аян Сәлімгерей](/img/articles/a4cd1694e8de78c3d0a0acda41fe3dfa.jpeg)
![Тойға қанша қаражат жұмсаймыз?](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2023_08_24_at_15_45_08_6d81d50650.jpeg)
![«Алтын белгі» алуға қойылатын талаптар күшейтілуі мүмкін](/img/articles/uploads/616ff04176bd9683684180_84dea5293b.jpg)
![«Отау»: Жаңа тұрғын үй бағдарламасы арқылы кімдер баспана алады?](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2024_02_29_at_11_17_01_cdcebeeef0.jpeg)
![Елордада әлеуметтік қолдау мәселелері бойынша халықпен кездесу өтті](/img/articles/968227457805fc2cb35e3ae3076ae9d7.jpg)
![Шерзод Пулатов: Ассамблея – ұлт бірлігі мен ынтымағының тиімді жолбасшысы](/img/articles/86afd90d3edc2e03a928d313cc3c230a.jpg)