00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Су басқан аймақтағы сотталғандар жазасын басқа мекемелерде өтейді

17.04.2024 | 10:16
61
Су басқан аймақтағы сотталғандар басқа мекемелерге жеткізілді
Фото: дереккөз

Ұлттық ұлан қарауылдары су басу қауіпіне байланысты БҚО мен СҚО-дағы 1 700-ден астам сотталғанды еліміздегі басқа түзеу мекемелеріне жеткізді, деп хабарлады Elorda.info.

Төтенше жағдайлар аясында Ұлттық ұлан бөлімшелері су басу қауіпі бар аудандарға жататын елді мекендердің тұрғындарына көмек көрсету жөніндегі шараларды орындауда. Сонымен қатар адамдарды эвакуациялау жұмыстары да жүргізіліп жатыр. Дәлірек айтсақ, Батыс Қазақстан облысындағы су тасқыны жағдайының нашарлауына және қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің су басу қауіпіне байланысты сотталғандарды басқа түзеу мекемелеріне жеткізу туралы шешім қабылданды.

Осыған байланысты 7552 (Алматы қ.), 6505 (Қарағанды қ.) және 6655 (Ақтөбе қ.) әскери бөлімдерінің Ұлттық ұланының әскери қызметшілері қысқа мерзімде Орал қаласынан 700-ге жуық сотталғандарды теміржол қарауылымен шығарды. Оларды тасымалдау үшін арнайы автомобильдер мен теміржол вагондары тартылды. Хаттама бойынша барлық қажетті рәсімді жүзеге асыру үшін құқықтық тәртіп әскерлерінің 400-ден астам әскери қызметшісі жұмылдырылды, - делінген ІІМ хабарламасында.

Өткен аптаның соңында еліміздің солтүстігінде сотталғандарды осындай тасымалдау жүргізілген. Мәселен, Петропавл қаласының №48 мекемесін су басу қауіпіне байланысты осы облыс орталығындағы әйелдер колониясына (№50 мекеме) 750-ден астам сотталған ер адамды орналастыру туралы шешім қабылданды. Алдымен 300-ден астам әйел ол мекемеден шығарылды.

Қазіргі уақытта сотталған әйелдер Қарағанды облысындағы Көксүн кентіндегі ҚАЖД мекемелеріне жеткізілді. Петропавл қаласының тергеу изоляторындағы қамауда отырған адамдарға қатысты осындай шаралар қабылданды және олар Көкшетау қаласына шұғыл эвакуацияланды.

Барлық жаңалықтар