00:00
Астана -10oC
USD:
443.35
EUR:
475.54
RUB:
4.82
Іздеу

Skills Enbek платформасымен 17 мыңнан астам адам онлайн курс оқыды

01.03.2024 | 06:21
48
Фото: ашық дереккөз

Оқудан өткен 10,9 мың жұмыссыз азаматтың 3,1 мыңға жуығы негізінен Түркістан, Жамбыл, Ақтөбе, Қызылорда және Ақмола облыстарының жастары.

Платформа іске қосылғалы авторлар әртүрлі бағыттар бойынша 477 курс жариялады, оның 243-і тегін. Сондай-ақ, одан әрі оқу үшін білім беру алаңдарына ауысу мүмкіндігімен Courstore және Fluent Education серіктестерінің курстары бар.

Курстардың ұзақтығы 1-ден 72 сағатқа дейін.

Платформада тұру және тамақтану, құрылыс және ТКШ, әлеуметтік қызмет көрсету, қаржы және бухгалтерлік есеп, ақпараттық технологиялар және т.б. салалардағы түрлі мамандықтар бойынша тегін курстар саны үнемі артып келеді, - делінген Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпаратында.

Платформа халықтың білім деңгейі мен кәсібилігін арттыруға, мансаптық дамуды ынталандыруға және «өмір бойы оқыту» тұжырымдамасын ілгерілетуге бағытталған. Ол маркетплейс – қызметтер нарығы қағидаты бойынша онлайн курстарға қол жеткізуді ұсынатын халықаралық оқыту алаңдарына ұқсас құрылған.

Айта кетейік, оқуға skills.enbek.kz/ сілтемесі арқылы немесе enbek.kz сайтындағы «Онлайн оқыту» бөлімін таңдау арқылы тікелей қол жеткізуге болады.

Барлық жаңалықтар