00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Шаруалардың 50 млрд теңге қарызын қайтару мерзімі ұзартылады

12.02.2024 | 13:00
59
фото: дереккөз

Онда құрғақшылықтан және артық ылғалдан зардап шеккен шаруаларға көрсетілген қолдау шаралары талқыланды.

2023 жылы астық егетін өңірлердің ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері қолайсыз ауа райы жағдайларынан зардап шекті, Бұл бірінші кезекте олардың қарыздар бойынша міндеттемелерді орындау мүмкіндігіне әсер етті.

Сапаров «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ және «ҚазАгроҚаржы» АҚ қаржы институттары агроөнеркәсіп кешендерін қаржыландыруда айтарлықтай үлеске ие. Агросектордың кредиттік портфеліндегі Аграрлық несие корпорациясы мен ҚазАгроҚаржы үлесі 77% -дан асады, АӨК субъектілерінің шамамен 28% -ы қаржыландырумен қамтылған7

Мемлекет басшысының шаруаларды қолдау жөніндегі тапсырмасын орындау аясында жалпы сомасы 50 млрд теңгеге несиені ұзартуға өтінімдер мақұлданды. Жалпы алғанда, 2023 жылы Аграрлық несие корпорациясы мен ҚазАгроҚаржыны қаржыландыру көлемі 554,7 млрд теңгені құрады,- делінген министрлік ақпаратында.

Айдарбек Сапаров Аграрлық несие корпорациясы мен ҚазАгроҚаржыға егін егу жұмыстарына жеңілдікпен несие беру кезінде қолдау мен ерекше назар аударуды қажет ететін шағын кәсіпкерлік нысандарын қаржыландыру мәселесіне баса назар аудару қажеттігін айтты. Сонымен, министр қарыздарды ұзарту бойынша да бірқатар қосымша тапсырмалар жүктеді.  

Барлық жаңалықтар