00:00
Астана -10oC
USD:
442.05
EUR:
474.14
RUB:
4.74
Іздеу

Парасатты қоғамға сенімді қадам

23.12.2023 | 03:00
55
Фото: дереккөзден

Бүгінгі таңда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес маңызды мемлекеттік міндеттердің бірі болып табылады.

Сыбайлас жемқорлық қоғамның іргетасын бұзады, экономика мен әлеуметтік маңызды саланың дамуына қауіп төндіреді, мемлекеттік органдарға деген сенімнің төмендеуіне ықпал етіп, қоғамның адамгершілігін бұзары анық.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Бүкіл қоғамды жемқорлықпен күресуге жұмылдыру қажет. «Жемқорлық – індет, онымен күресу – міндет» қағидатын баршаның санасына сіңіру бүкіл мемлекеттік органның ортақ жұмысы болуға тиіс», – деп атап көрсетті.

Осы орайда, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың негізгі басымдықтарына сыбайлас жемқорлық жүйелі фактілеріне жол бермеу, бюджет қаражаттарының мақсатты жұмсалуын қадағалау, бизнесті қорғау, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу мен жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған шараларды қабылдау айқындалды.

Қала әкімдігі Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Астана қаласы бойынша департаментімен, үкіметтік емес ұйымдармен, бұқаралық ақпарат құралдарымен, қоғам белсенділерімен бірлесіп, мемлекеттік аппараттың халықпен сындарлы диалогының моделін құрғанын атап өткім келеді. 

Астана қаласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жұмыстары Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясынан басталып, Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасы шеңберінде жалғасуда.

2023 жылы қалалық басқармалар мен квазимемлекеттік сектор кәсіпорындарының қызметінде анықталған тәуекелдерді жою жоспарларын әзірлей отырып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізілді. Тәуекелдерді басқару бойынша ұсынымдар әзірленіп, анықталған тәуекелдерді жою жоспары әзірленді. Бүгінгі күні барлық ұсыныстар орындалуда.

Әкімдіктің құрылымдық бөлімшелерінің 105 қызметкері Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы оқудан өтті.

Қаланың квазимемлекеттік секторының екі объектісі  ISO 37001 «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл менеджменті жүйесі» халықаралық стандартына сәйкестігін растады («Астана бас жоспары» ғылыми-зерттеу жобалау институты», «Астана орманы» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері).

Қаланың барлық квазимемлекеттік сектор объектілерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар жоспарлары, ұйымдардағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясаты, ұйымдардағы мүдделер қақтығысын анықтау және реттеу саясаты, ұйымдардың қызметкерлері үшін олардың қызметінің ерекшелігін ескере отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі нұсқаулықтар әзірленді және бекітілді. 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс шеңберінде квазимемлекеттік секторда оң кейстер қалыптастырылды.

Бұдан бөлек, Әртүрлі нысаналы топтар деңгейінде декомпозициямен ақпараттық жұмыс жүргізу жөнінде Астана қаласы бойынша іс-шаралар жоспарын орындау үшін 2,5 мың адамды қамти отырып, әртүрлі форматтағы 176 іс-шара өткізілді.

Сонымен қатар, Астана қаласы әкімдігінің жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырыстарында мемлекеттік органдарға сыбайлас жемқорлық көріністеріне «нөл төзімділік» қағидаты мен парасаттылық негіздерін қалыптастыру бойынша ұжымдарда алдын алу іс-шараларын тұрақты негізде жүргізу тапсырылды.

Барлық 164 мемлекеттік қызмет электрондық форматқа ауыстырылды, бұл сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін айтарлықтай төмендетеді.

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде елорданың барлық аудандық әкімдіктері фронт-офис форматына көшті және ашық әкімдік режимінде жұмыс істеуде.

«Халықтық қатысу бюджеті» жобасы іске асырылуда. Егер 2022 жылы елорда тұрғындарының қатысуымен 3 272,2 млн. теңге сомасына 103 жоба іске асырылса, есепті жылы 3 724,9 млн. теңге сомасына 100 жоба іске асырылды. 

Қорытындылай келе, азаматтардың, бизнес-қоғамдастықтың және мемлекеттік аппараттың күш-жігерін біріктіру арқылы біз өміріміздің кез келген саласында сыбайлас жемқорлықпен тиімді күресе алатынымызды және парасатты қоғамға сенімді қадам жасайтынымызды атап өткім келеді.

Осы бағыттағы жұмыс жалғасуда және қатаң бақылауда!

 

Барлық жаңалықтар