00:00
Астана -10oC
USD:
443.35
EUR:
475.54
RUB:
4.82
Іздеу

Қоғам ресми әрі нақты ақпаратқа зәру – депутат

30.11.2023 | 08:01
34
Фото: parlam.kz

Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында депутат Жанарбек Әшімжанов айтты, деп хабарлады Elorda.info тілшісі. 

Қоғамдық резонанс тудырған оқиғаларға қатысты дер кезінде билік өкілдерінен қажетті ақпаратты ала алмай сандалып жүрген тілшілер аз емес. Ал, қоғам қажетті ресми, нақты ақпаратқа зәру, - деді халық қалаулысы.

Депутат жұмыс тобындағы талқылаулар өте қызу әрі белсенді түрде өтіп жатқанын айтты. Бүгінге дейін 16 жұмыс тобы және 5 арнайы кеңейтілген отырыс ұйымдастырылды.

Жұмыс тобында 100-ден аса есімі елге мәлім журналистер, халықаралық және үкіметтік емес ұйым өкілдері мен білікті сарапшылар белсенді қатысуда.

Депутат заң жобасында аккредиттеу құқығын беретін «Пресс-карта» ұғымына байланысты жұмыс тобы мүшелерінің тарапынан қызу пікір қайшылықтары туындап отырғанын жеткізді.

Ашығын айту керек, бұл «Пресс-карта» Үкімет тарапынан жүйелі пысықталмаған әрі журналистердің еркін жұмыс істеуіне кедергі келтіретін норма екені анық көрініп тұр. Мысалы, пресс-картаны беруші болып мемлекеттік орган бекітілген. Сондай-ақ, «пресс-картаны» алу үшін 3 жылдық жұмыс өтілі міндеттелген. Бұл қалай, әріптестер? - деді депутат.

Жанарбек Әшімжанов мұндай заң жобасы қолдау таппайтынын айтты.

Әрине, осындай шектеулері бар норма біздің тарапымыздан қолдау таппайтыны анық. Жұмыс тобының басым көпшілігі бұл норманы – демократиялық принциптерге қайшы, журналистерді алалау, жан-жақты ақпарат таратуға кедергі келтіретін норма деп бағалады. Бүгінгі отырыста да әріптесім Қоғамдық палатының төрағасы – Айдос Сарым аталған нормаға байланысты нақты сауалы мен қарсы көзқарасын ашық білдірді. Қоғамда да сұрақ-сауалдар аз емес. Оған қоса, бұл норма бойынша АМАНАТ фракциясының да күдік-күмәні бар, - деді спикер.

Сабина КӘКІМЖАН

Барлық жаңалықтар