00:00
Астана -10oC
USD:
442.05
EUR:
474.14
RUB:
4.74
Іздеу

Мыңнан астам теміржолшы түрлі марапатқа ие болды

24.10.2023 | 09:47
37
Фото: дереккөз

Республика күні қарсаңында еліміздің теміржол көлігі қызметкерлері саланың дамуына ерекше үлес қосқаны үшін түрлі наградалармен марапатталды, деп хабарлады Elorda.info.

Жалпы, биыл компанияның 1000-нан астам қызметкері арасында 17 адам мемлекеттік наградалармен, соның ішінде «Құрмет», III дәрежелі «Еңбек Даңқы» ордендерімен, «Ерен еңбегі үшін», «Шапағат» медальдарымен марапатталды.

Сонымен қатар, теміржолшыларға салтанатты түрде «Адал еңбегі үшін» белгілері, «Самұрық-Қазына» АҚ-ның, компания басшылығының құрмет грамоталары мен алғыс хаттары табысталды. Маңыздысы сол, биыл екі жаңа марапат – «ҚТЖ» ҰК» АҚ дамуына қосқан ерекше үлесі үшін» және «Ерлігі үшін» төсбелгілерінің табысталуы.

Марапатталғандар қатарында әртүрлі теміржол кәсіптерінің адамдары – машинист-нұсқаушы, пойыз құрастырушы, жол шебері, көпір жолының шебері, жолсерік, сала зейнеткері және басқалар бар. Сондай-ақ, «ҚТЖ» ҰК» АҚ барлық қызметкерлеріне 1 ЕТЖМ мөлшерінде біржолғы сыйлықақы төленетін болады.

Салтанатты жиын дәстүрлі түрде өз әріптестеріне ҚТЖ-ның дарынды қызметкерлері дайындаған мерекелік концертпен аяқталды.

Барлық жаңалықтар