00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

«Өмір сүргім келмейді»: полицейлер бесінші қабаттан секірмек болған әйелді құтқарды (ВИДЕО)

02.05.2023 | 21:00
40
Фото: видеодан скрин

Шахтинскіде полицейлер бесінші қабаттан секірмек болған тұрғынды құтқарып қалды, деп хабарлады Elorda.info polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

1 мамыр күні сағат 14.00 шамасында Қарағанды облысы Шахтинск қалалық полиция бөліміне көпқабатты үйдің бесінші қабатынан азаматшаның секірмекші болып тұрғаны туралы хабарлама келіп түскен. Тез арада оқиға орнына патрульдік полиция взводының инспекторлары Дулат Ситахметов пен Ерназ Өскенбай жетті. 

Әріптесім екеуміз бесінші қабаттың дәлізіндегі терезеде отырып, «өмір сүргім келмейді» деп айқайлаған азаматшаны көрдік. Терезенің жақтауы қысқа болғандықтан, егер азаматша артық қозғалыс жасаса, қайғылы жағдай болу қаупінің алдын ала алмас едік. Сондықтан мен сыртта қалып, құлап кеткен жағдайда қауіптің алдын алуға дайындалып тұрдым. Ал Дулат сатымен ішке көтеріліп, тұрғынды әңгімеге тартты. Оған бәрі жақсы болатынын, эмоцияға берілмеу керектігін барынша айтып, түсіндірді. Терезе қысқа болғандықтан азаматшаға жақындау қиындық тудырды. Бір кезде Дулат азаматшаның қолын созуға көндіріп, кейін бірден шап беріп, ішке тартып алды, – деді Ерназ Өскенбай. 

Азаматша мұндай әрекетке жолдасымен арада болған ұрыстан кейін барғанын айтқан. Полиция қызметкерлері құтқарылған азаматшаны психолог дәрігерлерге тапсырып, қызметін жалғастырды.

Барлық жаңалықтар