00:00
Астана -10oC
USD:
474.83
EUR:
515.38
RUB:
5.5
Іздеу

Министрлік БҚО-да бірнеше ауылды су басуы мүмкін екенін ескертті

03.04.2024 | 10:55
Елорда ақпарат
125
су қоймасы
фото: gov.kz

Егістіктерден еріген қар суынан Ұзынкөл су қоймасы толып кеткен. Соған байланысты Батыс Қазақстан облысының Теректі ауданындағы Ұзынкөл кентін су басу қаупі туындады, деп хабарлады Elorda.info.

ТЖМ мәлімдеуінше, Теректі ауданы Подстепное ауылында және Орал қаласында халықты алдын ала эвакуациялау жүргізілген.  Барлығы 750 адам, оның ішінде 230 бала қауіпсіз жерге көшірілді.  

Су тасқынына қарсы іс-шараларды жүргізу және эвакуациялау үшін 112 адам және 39 бірлік ТЖМ, ЖАО, ПД түрлі техникасы жұмылдырылды. Су қоймасы бөгетінің денесін нығайту бойынша іс-шаралар жалғасып жатыр. Ұзынкөл су қоймасы бұзылған жағдайда Ұзынкөл, Юбилейное, Кемер, Жаңа Өмір және Барбастау ауылдарын су басу қаупі бар, - делінген ведомство берген ақпаратта. 

Барлық жаңалықтар