00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

Министр «Жас сарбаз» тәрбиеленушілерін алғыс хаттармен марапаттады

07.12.2023 | 14:00
61
Фото: дереккөз

Қорғаныс министрі, генерал-полковник Руслан Жақсылықов «Жас сарбаз» балалар-жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы» республикалық қоғамдық бірлестігінің белсенділерімен кездесті, деп хабарлады Elorda.info.

2023 жылғы қозғалыс қызметінің қорытындылары мен оның жетістіктері туралы «Жас сарбаз» республикалық қозғалысының, Атырау облысы, Астана қаласы филиалдарының төрағалары, майор Мейірбек Меңдіғалиев, Нұрлан Елеуов және Асхат Налшыбек айтып берді. 

Кездесуге қатысушыларды айтулы күнмен қорғаныс ведомствосының басшысы құттықтады. Ол мемлекет жастардың білім алып, өздерін толық қалыптасуы үшін барлық жерде жағдай жасалып жатқанын атап өтті. 

Министр биылғы мамыр айында өткен бүкілармиялық кеңесте ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Жас сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысының мәртебесін жалпыұлттық деңгейге көтеру қажеттігін мәлімдеді.  

Қорғаныс ведомствосы басқа орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп 2030 жылға дейінгі жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу тұжырымдамасын әзірледі. Үкіметтің қаулысымен бекітілген бұл құжатты іске асыру «Жас сарбаз» балалар-жасөспірімдер қозғалысына әскери-патриоттық жұмыстың алдыңғы қатарында болуға мүмкіндік береді.  

«Жас сарбаз» қозғалысының арқасында жастар әскери қызметке шақырылғанға дейін әскери істің негіздерімен танысуда, Отан қорғаушылар қатарына қосылып, өзіне сеніп тапсырылған қару-жарақ пен әскери техниканы қысқа мерзімде үйрену үшін белгілі бір деңгейде машықтанып жүр. 

Армия қашанда Отанға жанқиярлықпен қызмет етудің жарқын көрінісі болған және солай болып қала бермек, – деді генерал-полковник Руслан Жақсылықов. – Әскерде жауынгердің рухы шыңдалып, ерік-жігері нығайып, өзіне деген сенімділік артады.

72b8b5335726760b8e168c5fc6ce7154_1280x720.jpg

Бүгінде елімізде бес мыңнан астам әскери-патриоттық клуб, «Жас сарбаз» сыныптары және Smart Sarbaz үйірмелері жұмыс істейді. Жалпы жас патриоттар қозғалысы 8 жастан 17 жасқа дейінгі 280 мыңға жуық оқушыны қамтып отыр.

Әскери мамандықты кәсіп еткен немесе бұл жолды таңдамаған әрбір жас адам өзін Отан қорғаушының асыл миссиясына дайындағаны абзал. Бұл кез келген азаматтың қасиетті міндеті ғана емес. Ең алдымен, бұл халықтың лайықты құрметіне ие болған ата-бабамыздың жауынгерлік жолына, ұлы ерлігіне тағзым, – деді министр. 

2023 жылдың қорытындысы бойынша «Жас сарбаз» филиалдарының бірқатар төрағалары мен жас тәрбиеленушілері алғыс хаттармен марапатталды.

Барлық жаңалықтар