Мүгедектікті анықтауға қатысты 22 мыңнан астам өтінім сырттай қаралды
![Мүгедектікті анықтауға қатысты 22 мыңнан астам өтінім сырттай қаралды](/img/articles/b09ba7ad57f30c63e68889f71a27e54d.jpg)
Жыл басынын бастап мүгедектік тобын белгілеу үшін медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізудің сырттай форматы бойынша пилоттық жобаны іске асыру шеңберінде барлық өңірлерден 22,3 мың өтінім қаралды, деп хабарлады Elorda.info.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, 2023 жылы 76,4 мыңнан астам өтінім сырттай форматта қаралған. Бұл куәландырудан өткен мүгедектігі бар адамдардың жалпы санының 30,4%-ын құрайды.
Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің VI отырысында Мемлекет басшысы ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін барынша қолайлы жағдай жасауды, олардың инстанциялар мен қағазбастылық бойынша жүруін, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілердің көрсетілетін қызметті алушылармен байланысын болдырмауды тапсырды.
Осы тапсырманы орындау мақсатында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Денсаулық сақтау мен Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрліктерімен бірлесіп Қазақстанның барлық 20 өңірінде пилоттық режимде медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізудің сырттай форматы бойынша жобаны іске асыруда.
Мүгедектік тобын белгілеу жөніндегі қызметті алу үшін өтініш берушіге тұрғылықты жері бойынша емханаға жүгіну және қажетті тексеруден өту қажет, қалған процестер ақпараттық жүйелерді интеграциялау есебінен оның қатысуынсыз өтеді.
Сырттай куәландыруға көшу:
- әкімшілік және бюрократиялық кедергілерді жояды;
- МӘС сараптамалық шешімдерінің ашықтығын қамтамасыз етеді;
- мүгедектікті белгілеу және мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау шараларын анықтау бойынша қызметтерді үйден шықпай-ақ алуға мүмкіндік береді;
- көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушімен тікелей байланысын болдырмайды, сол арқылы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтады.
![Елімізде субсидия беру шарттарына өзгеріс енгізілді](/img/articles/32e341cd42188f1ca288ab321c83a9f7.jpg)
![Майқайың кенішінде 7 ай бұрын шұңқырға құлаған автобус табылды](/img/articles/d6def48c7dabbdda6b14c0f21a41e279.jpg)
![Мас күйінде көлік жүргізген Қостанайдың бас имамы қызметінен кетті](/img/articles/31ad1caff5adaf4bdf664ef4e3ec8388.jpg)
![Қызылордада 150 отбасы баспаналы болды](/img/articles/f85ae577a82ba1fd63c2b6a7587adc9a.jpg)
![Елімізде «Балаларды суда қорғаңыздар» республикалық акциясы басталды](/img/articles/2c30bbdac73444ea15b131f7dc7ffeae.jpeg)
![Қызылордада қан орталығы ашылды](/img/articles/9cf5d69f522d9e3d6dee9b4df0a8dc73.jpg)
![Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау мәселелері талқыланды](/img/articles/c41ec71c9f2ecdeca01914ebeca009b4.jpg)
![Мектеп жиналысында бірін-бірі балағаттаған ақсулық ата-аналардың ісі сотта қаралды](/img/articles/1c5c264c10b72372cb7451ac5db5b731.webp)
![Қазақстанда алғаш рет ұрықтың өмірін сақтау бойынша бірегей ота жасалды](/img/articles/ee78cb17332100fb0da38d418a5bd9d2.jpg)
![Шымкентте «ауызашар» өткізем деп радикалды ұйымға үгіттеген топ мүшелері ұсталды](/img/articles/1bba407652f531cbfc1bb54a633f21ea.webp)
![«Келешек» бағдарламасы: Балаға есепшотты қашан ашу керек?](/img/articles/529b59b614c141fefc4d2f3bf14ec0db.jpeg)
![Ата-ана мен баланың арасындағы қарым-қатынас неге бұзылады](/img/articles/uploads/M_Qaq_Pc96_HOS_Tw3_Kfp_K61_DH_1_Dk_V4_Pjc_To_Kg1_I_Vh_Bo_jpg_width_1200_Xheight_auto_Xtype_1_1811cf51e9.jpg)
![Роман Скляр Ақтөбе облысындағы су тасқыны жағдайымен танысты](/img/articles/503331a18b750342f54edc9152e1a544.jpg)
![2023 жылы Ораза қашан басталады](/img/articles/uploads/633ada224c5d0678507428_78f7824421.jpg)
![Қазіргі таңда тұтас ел болып осы алпауыт апатпен күресіп жатыр- Аян Сәлімгерей](/img/articles/a4cd1694e8de78c3d0a0acda41fe3dfa.jpeg)
![Тойға қанша қаражат жұмсаймыз?](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2023_08_24_at_15_45_08_6d81d50650.jpeg)
![«Алтын белгі» алуға қойылатын талаптар күшейтілуі мүмкін](/img/articles/uploads/616ff04176bd9683684180_84dea5293b.jpg)
![«Отау»: Жаңа тұрғын үй бағдарламасы арқылы кімдер баспана алады?](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2024_02_29_at_11_17_01_cdcebeeef0.jpeg)
![Елордада әлеуметтік қолдау мәселелері бойынша халықпен кездесу өтті](/img/articles/968227457805fc2cb35e3ae3076ae9d7.jpg)
![Шерзод Пулатов: Ассамблея – ұлт бірлігі мен ынтымағының тиімді жолбасшысы](/img/articles/86afd90d3edc2e03a928d313cc3c230a.jpg)