Мемлекеттік басқару академиясына құжат қабылдау басталды
![Мемлекеттік басқару академиясына құжат қабылдау басталды](/img/articles/cabcac461ebe6c745209ec993dbe0fde.jpg)
ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына оқуға құжат қабылдау басталды. Бұл туралы Академия ректоры Ерлан Әбіл 2024-2025 оқу жылына қабылдау науқанының басталуы туралы өткен брифингте мәлімдеді, деп хабарлады Elorda.info.
Оқуға құжаттарды қабылдау онлайн форматта Академияның арнайы ақпараттық жүйесі арқылы 1 сәуірден 26 маусымға дейін жалғасады. Ерлан Әбілдің айтуынша, биыл оқуға қабылдау ережелерінде бірқатар өзгеріс бар.
«Халықаралық қатынастар», «Мемлекеттік саясат» және «Экономика» екі жылдық бағдарламалары бойынша оқу мерзімі екі жылдан бір жарым жылға дейін қысқартылды. Биыл «Мемлекеттік басқару» бағдарламасына құқық қорғау органдарынан және арнайы мемлекеттік органдардан да үміткерлерді қабылдаймыз. Қабылдау науқанының жалпы мерзімі 20 күнге қысқартылды. Қорытынды ақпаратты биыл 5 тамызда жариялауды жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар магистратура бағдарламалары үшін сұхбат кезеңін бағалаудың үлес салмағы 70%-ға дейін және докторантура үшін 50%-ға дейін көтерілді, – деді Академия ректоры.
Магистрлік білім беру бағдарламалары бойынша мемлекеттік тапсырыспен оқуға түсу үшін мемлекеттік қызметте кемінде 2 жыл, ал докторлық бағдарламалар үшін 5 жыл еңбек өтілі болуы қажет.
Академияда мемлекеттік қызметшілерді даярлау 8 магистратура бағдарламасы және 3 докторантура бағдарламасы бойынша жүзеге асырылады. Сондай-ақ мемлекеттік қызметші емес тұлғаларға негізгі жұмысымен қатар оқуға болатын 2 модульдік бағдарлама қарастырылған. Мемлекеттік қызметшілерді даярлауға магистратура бойынша 120 грант, докторантура бойынша 12 грант бөлінген. Грантқа тапсырушылар мемлекеттік органның жолдамасын ұсынуы қажет. Оған мемлекеттік орган басшысы немесе аппарат басшысы қол қоюы керек. Шетелдік азаматтарды есептемегенде, барлық білім беру бағдарламаларына түсушілердің мемлекеттік тілді меңгеруі В1 деңгейінен төмен емес екенін растайтын QAZAQ RESMI TEST немесе ҚАЗТЕСТ сертификаты болуы тиіс, – деп атап өтті Ерлан Қуанышұлы.
Оның мәліметінше, іріктеудің алғашқы кезеңі – Аналитикалық эссе жазу 29 маусымда нақты уақыт режимінде өтеді. Докторантураға үміткерлер зерттеу жұмысының жоспарын (Research proposal) 26 маусымға дейін жүктеуі керек, жоспарлар 7 шілдеге дейін бағаланады. Қорытынды кезең – Сұхбат – 1-20 шілде аралығында Академияда офлайн форматта өтеді. 22 шілде күні аралық қорытынды шығарылады.
![Елімізде субсидия беру шарттарына өзгеріс енгізілді](/img/articles/32e341cd42188f1ca288ab321c83a9f7.jpg)
![Майқайың кенішінде 7 ай бұрын шұңқырға құлаған автобус табылды](/img/articles/d6def48c7dabbdda6b14c0f21a41e279.jpg)
![Мас күйінде көлік жүргізген Қостанайдың бас имамы қызметінен кетті](/img/articles/31ad1caff5adaf4bdf664ef4e3ec8388.jpg)
![Қызылордада 150 отбасы баспаналы болды](/img/articles/f85ae577a82ba1fd63c2b6a7587adc9a.jpg)
![Елімізде «Балаларды суда қорғаңыздар» республикалық акциясы басталды](/img/articles/2c30bbdac73444ea15b131f7dc7ffeae.jpeg)
![Қызылордада қан орталығы ашылды](/img/articles/9cf5d69f522d9e3d6dee9b4df0a8dc73.jpg)
![Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау мәселелері талқыланды](/img/articles/c41ec71c9f2ecdeca01914ebeca009b4.jpg)
![Мектеп жиналысында бірін-бірі балағаттаған ақсулық ата-аналардың ісі сотта қаралды](/img/articles/1c5c264c10b72372cb7451ac5db5b731.webp)
![Қазақстанда алғаш рет ұрықтың өмірін сақтау бойынша бірегей ота жасалды](/img/articles/ee78cb17332100fb0da38d418a5bd9d2.jpg)
![Шымкентте «ауызашар» өткізем деп радикалды ұйымға үгіттеген топ мүшелері ұсталды](/img/articles/1bba407652f531cbfc1bb54a633f21ea.webp)
![«Келешек» бағдарламасы: Балаға есепшотты қашан ашу керек?](/img/articles/529b59b614c141fefc4d2f3bf14ec0db.jpeg)
![Ата-ана мен баланың арасындағы қарым-қатынас неге бұзылады](/img/articles/uploads/M_Qaq_Pc96_HOS_Tw3_Kfp_K61_DH_1_Dk_V4_Pjc_To_Kg1_I_Vh_Bo_jpg_width_1200_Xheight_auto_Xtype_1_1811cf51e9.jpg)
![Роман Скляр Ақтөбе облысындағы су тасқыны жағдайымен танысты](/img/articles/503331a18b750342f54edc9152e1a544.jpg)
![2023 жылы Ораза қашан басталады](/img/articles/uploads/633ada224c5d0678507428_78f7824421.jpg)
![Қазіргі таңда тұтас ел болып осы алпауыт апатпен күресіп жатыр- Аян Сәлімгерей](/img/articles/a4cd1694e8de78c3d0a0acda41fe3dfa.jpeg)
![Тойға қанша қаражат жұмсаймыз?](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2023_08_24_at_15_45_08_6d81d50650.jpeg)
![«Алтын белгі» алуға қойылатын талаптар күшейтілуі мүмкін](/img/articles/uploads/616ff04176bd9683684180_84dea5293b.jpg)
![«Отау»: Жаңа тұрғын үй бағдарламасы арқылы кімдер баспана алады?](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2024_02_29_at_11_17_01_cdcebeeef0.jpeg)
![Елордада әлеуметтік қолдау мәселелері бойынша халықпен кездесу өтті](/img/articles/968227457805fc2cb35e3ae3076ae9d7.jpg)
![Шерзод Пулатов: Ассамблея – ұлт бірлігі мен ынтымағының тиімді жолбасшысы](/img/articles/86afd90d3edc2e03a928d313cc3c230a.jpg)