00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

Мемлекет және қоғам қайраткері Өмірбек Байгелді өмірден өтті

03.04.2024 | 08:59
Елорда ақпарат
61
Мемлекет және қоғам қайраткері Өмірбек Байгелді өмірден өтті
Фото: ашық дереккөз

Бұл туралы ҚР Парламенті Сенатының баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлады Elorda.info.

Өмірбек Байгелді – Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының алғашқы төрағасы болды (1996-1999 ж.ж.).

Ол 1939 жылы Жамбыл облысының Қызыл-Октябрь ауылында дүниеге келген.

Еңбек жолын Жамбыл облысы Жамбыл ауданының Қызыл-Октябрь колхозында жұмысшы болып бастаған.

1990 жылдары Жамбыл облыстық атқару комитетінің төрағасы, Жамбыл облысының әкімі, Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі болды.

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының бірінші, екінші, үшінші және төртінші шақырылымдағы депутаты болды. Парламент Сенатында 16 жылдан астам қызмет атқарды.

Қайраткердің қазасына байланысты оның отбасы мен жақындарына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамыз, - делінген көңіл айту хабарламасында.

Барлық жаңалықтар