00:00
Астана -10oC
USD:
443.35
EUR:
475.54
RUB:
4.82
Іздеу

ҚМДБ мектепте орамал тағуға қатысты мәлімдеме жасады

11.09.2023 | 08:00
50
фото: ашық дереккөз

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы оқушы қыздардың мектепке орамал тағып бару мәселесіне қатысты  ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлады Elorda.info.

Діни басқарманың мәліметінше, шариғат бойынша балиғат жасына толған мұсылман қызға орамал тағу парыз. Сол секілді білім алудың да үкімі-парыз екенін мәлімдеді. Алайда, шариғат балиғат жасына толмаған қызға орамал тағуды міндеттемейтінін жеткізді.

Мүфтият шариғат бойынша балиғат жасына толған мұсылман қызға орамал тағу парыз екенін жоққа шығарған емес. Сондай-ақ орамал тағу ұлттық дәстүріміз. Мұны мұсылман қауымы терең түсінуі тиіс. Алайда, шариғатымыз балиғат жасына толмаған қызға орамал тағуды міндеттемейді. Мұны да мұсылман жамағаты дұрыс түсінуі керек, – делінген мүфтияттың мәлімдемесінде. 

ҚМДБ өз құзыреті аясында бұл мәселеге қатысты өкілеттік мемлекеттік мекемелерге тиісті ұсыныстар бергенін хабарлады. 

Мұсылман жамағатының өтініші ескеріліп, оң шешім қабылданады деп үміттенеміз, – деді ҚМДБ өкілдері.

Барлық жаңалықтар