00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Мәдениет министрі ақын Мұхтар Шахановпен кездесті

31.08.2023 | 11:30
43
Фото: А.Ораловтың Facebook парақшасынан

Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов қазақтың көрнекті ақыны, Алаштың абыз кемеңгері Қазақстанның Еңбек Ері Мұхтар Шахановқа арнайы барып сәлем берді, деп хабарлады Elorda.info.

Жалпы бар саналы ғұмырын ұлт мұраты, ұрпақ тәрбиесіне арнап, әдебиет әлеміне дара қолтаңбасын қалдыра білген дегдар қаламгерлеріміз аз емес. Дегенмен сондай замана тудырған заңғарларымыздың бірі де бірегейі Мұхтар ағамыз деп білемін.

Ақиқаттың алдаспанындай шыншыл шайыр әсіресе тіл тағдырына, оның ертеңгі болашағына алаңдап, салмақты пікірлерін үнемі айтып келеді, - деп жазды министр.

Мәдениет және спорт министрі өткеннен түйген өнегесі көп, ұрпаққа айтар ұлағаты шексіз қайраткердің астары терең ақыл-парасатына әркез сусындап тұру қажеттігін айтты.

Бүгін сондай жан дүниеміз рухани байып, көңіл көкжиегіміз кеңейіп қалған тамаша жүздесу болды.

Ұлт руханиятының қызғыш құсындай ақиық ақын ағамыздың келешек буынға керек келелі істер турасында кеңесін тыңдадым. 

Абыз ақсақалымыздың ақ батасын алып, жалпы ұлтымыздың мәдениеті мен өнері, әдебиеті мен музыкасы төңірегінде көп пікірлестік. 

Әлі де ұлт ұпайын түгендейтін, ел кәдесіне жарайтын рухани қазыналарыңызды, тың туындыларыңызды өмірге әкеліп, сүйікті оқырмандарыңызды қуантып ортамызда жүре беріңіз деген тілегімізді жеткіздік, - деді А.Оралов.

Барлық жаңалықтар