00:00
Астана -10oC
USD:
450.79
EUR:
482.21
RUB:
5.05
Іздеу

Үкіметте ерте пісетін көкөністерді жеткізу көлемі талқыланды

29.05.2023 | 17:00
82
фото: primeminister.kz

Үкіметте Премьер-Министрдің орынбасары – сауда және интеграция министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен кеңесте елдегі әлеуметтік өнімдердің бір аптадағы баға жағдайы қаралды. Негізінен картоп, сәбіз, пияз бағасының маусымдық өсуіне байланысты орташа индекс +0,1% қалыптасты. Нан, түтік кеспе, тауық еті, қант, тұз бағасы тұрақты, деп хабарлады Elorda.info.

Қарақұмық бағасының төмендеу қарқыны сақталуда, бір апта ішінде жарма бағасы тағы 1,2%-ға, жыл басынан бері барлығы 23%-ға төмендеді. Сонымен қатар күнбағыс майы бағасының – 0,4%-ға (жыл басынан бері 5,8%-ға төмендеу), ұн – 0,2%-ға (жыл басынан бері-2,5%) төмендеу үрдісі жалғасып келеді.

Сондай-ақ осы аптада жалпы алғанда Павлодар облысы бойынша ӘМАТ-қа баға индексінің 0,3%-ға төмендеуі байқалды. Мұндай айтарлықтай төмендеу үлесі көп жағдайда күнбағыс майы мен жұмыртқа бағасының төмендеуіне байланысты.

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ербол Тасжүреков өткен жылдың маусымаралық кезеңдеріндегі астық қорының бар-жоғы мен ерте орақ жұмыстарының қорытындысы туралы баяндады. Келтірілген мәліметтер бойынша Түркістан облысында ерте картоп жинау басталып, маусым-шілде айларындағы жоспар 180,4 мың тоннаны құрайды. Алматы облысында маусым-шілде айларында бұл көкөністі 37,8 мың тонна көлемінде жинау жоспарланып отыр. Осылайша, өңірлерді картоппен қамтамасыз етудің қажетті деңгейі оңтүстік өңірлерден ерте өнім алумен жабылады.

Өткен жылғы сәбіздің қоры болған жағдайда маусым айындағы ішкі нарық сұранысының негізгі бөлігін импорт есебінен жабу жоспарланып отыр. Бұл ретте маусым айының соңына қарай Түркістан облысында ерте пісетін сәбізді жинау басталады, межелі жоспар – 30,3 мың тонна. Облыс бойынша қазірдің өзінде 90,8 мың тонна қырыққабат жиналды. Қазіргі және алдағы уақытта жиналатын ерте пісетін көкөніс өнімі нарық қажеттілігін өтеу үшін жеткілікті. Түркістан облысы әкімдігінің мәліметінше, қазіргі таңда қырыққабаттың егістік басындағы құны 70-тен 100 тг/кг аралығында.

үкімет1.jpg

Жамбыл облысында 105,8 мың тонна, Түркістан облысында ерте өнім беретін 55,4 мың тонна пиязды жинау жоспарланып отыр. Маусым айында ӘКК қорының көлемі қалыптасқанын ескере отырып, өңірлерге шілде айында оңтүстік облыстардан жеткізуді жүзеге асыру ұсынылды.

2024 жылғы қыс-көктемгі егінді жинауға келер болсақ, форвардтық сатып алу бойынша алдағы күзгі жиын-терімге 129 мың тонна көкөніс: картоп – 70,6 мың тонна, сәбіз – 19,7 мың тонна, пияз – 22 мың тонна және қырыққабат – 16,5 мың тонна жеткізуге шарттар жасалды. 

Кеңес барысында Қызылорда облысының әкімдігі тауар өндірушілерді форвардтық шарттар жасасу кезінде кепілмен қамтамасыз ету, өндірушілердің қоймаларында келісімшартқа отырған өнімді (картопты) сақтау мүмкіндігі жайлы мәселелер көтерілді. Мәселені қарау қорытындысы бойынша Серік Жұманғарин Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп механизмді пысықтауды тапсырды.

Сонымен қатар өңірде маусым айының басында күріш егуді аяқтау жоспарланып отыр. Қызылорда облысының әкімдігі тарапынан күзгі егінді сатып алу бойынша келісімшарттар жасау үшін мүдделі мемлекеттік органдардың, облыстық ӘКК, басқа өңірлердің сауда желілері өкілдерінің тікелей қатысуымен кездесулер өткізу ұсынылды. Бұл күріш бағасын сақтауды ескере отырып бекітуге мүмкіндік береді, сонымен қатар жыл бойына сауда маржасын одан әрі реттеуге мүмкіндік береді.

Серік Жұманғарин күріштің ерте келісімшартына қатысты Қызылорда облысы әкімдігінің ұсынысын қолдады. Сондай-ақ әлеуметтік азық-түлік бағасының өсуін одан әрі тежеу үшін барлық қажетті шараларды қабылдауды тапсырды.

Барлық жаңалықтар