00:00
Астана -10oC
USD:
474.83
EUR:
515.38
RUB:
5.5
Іздеу

"Қазақтелеком" мен "ЭйрАстана" әкімшілік жауапкершілікке тартылды

01.04.2024 | 17:49
Елорда ақпарат
85
жеке деректер
фото: дереккөзден

Цифрлық даму министрлігі ақпан айындағы жеке деректердің тарап кетуіне қатысты аудит нәтижелерін жариялады, деп хабарлады Elorda.info.

 

Биыл 16 ақпанда қазақстандықтардың 2019-2022 жылдардағы жеке деректері туралы белгісіз біреулер GitHub ресурсында хакерлер топтарының бірінің материалдарын жариялады.

Жарияланған ақпаратта қазақстандық байланыс операторларының абоненттері туралы ресми деректер көрсетілген. Сонымен қатар ақпараттар «Қазақтелеком» АҚ, «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ мен «Эйр Астана» АҚ-дан алынғаны айтылды.

Министрлік Ұлттық қауіпсіздік комитетімен және «Мемлекеттік техникалық қызмет» АҚ-мен бірлесіп, ұялы байланыс операторлары,  «Қазақтелеком» АҚ, «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ, «Эйр Астана» АҚ-ға қатысты ақпараттық қауіпсіздік талаптарын сақтау бойынша тексерулер жүргізді.

Нәтижесінде 2 заңды тұлға («Қазақтелеком» АҚ, «ЭйрАстана» АҚ) Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 641-бабының 1-бөлігінің 2-тармағымен әкімшілік жауапкершілікке тартылып, бұзушылықтарды жою үшін бір жыл мерзімге нұсқама берілді. «БЖЗҚ» АҚ бойынша бұзушылықтар анықталған жоқ, - деді ЦДИАӨМ баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта аталған ұйымдардың ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы ақпараттық қауіпсіздік инциденттерін анықтау және болдырмау мақсатында тәулік бойы мониторинг жасалады.

Барлық жаңалықтар