00:00
Астана -10oC
USD:
443.35
EUR:
475.54
RUB:
4.82
Іздеу

Көлікті мас күйінде басқарған 730 жүргізуші ұсталды

25.07.2023 | 15:00
40
фото: gov.kz

Сот шешімімен 573 жүргізуші көлік құралын басқару құқығынан айырылып, 702 адам қамауға алынды, деп хабарлады Elorda.info Polisa.kz-ке сілтеме жасап.

Астана қаласы Полиция департаменті  қала  көшелерінде қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған күнделікті іс-шараларды өткізеді.

Жыл басынан 88 мыңға жуық жол жүру ережесін бұзудың жолы кесіліп, оның ішінде 11 мыңнан астам жаяу жүргіншіге айыппұл салынды. Көлікті мас күйінде басқарған 730 жүргізуші ұсталды. Сот шешімімен 573 жүргізуші көлік құралын басқару құқығынан айырылып, 702 адам қамауға алынды.

Бұзылған жол қозғалысы ережелерін автоматты түрде тіркеуді кеңейту аясында «Қорғау» мобильді қосымшасы пайдалануға берілгені белгілі. Жобаны жүзеге асырғалы бері жалған мемлекеттік нөмірді қолданған 106-ға жуық жүргізуші анықталды.

 Қабылданған шараларға қарамастан, жолдағы жағдай әлі күнге күрделі мәселеге айналып отыр. Жарты жылдың қорытындысы бойынша Астана қаласында жол-көлік оқиғасы 6,9 пайызға өсті. Оқиға кезінде жараланғандар саны 8,8 пайызға өсті. Қаза болғандар саны 71,4 пайызға өсті. 

Барлық жаңалықтар