00:00
Астана -10oC
USD:
443.35
EUR:
475.54
RUB:
4.82
Іздеу

Әйелдер құқықтары мен балалардың қауіпсіздігіне қатысты заң жобасы қабылданды

25.02.2024 | 11:30
49
Фото: ашық дереккөз

Онда тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселелерін шешудің жан-жақты тәсілдері қарастырылған. Бұл құжат Президенттің былтыр күзде жариялаған Жолдауын жүзеге асыру аясында әзірленді.

Жалпы, осы жобаға сәйкес түрлі заң актілеріне 70 түзету енгізу көзделіп отыр. Соның ішінде, отбасыларға көмек көрсету инфрақұрылымын қалыптастыруға бағытталған өзгерістерді, сондай-ақ тұрмыс саласындағы қылмыстар және балаларға қарсы жасалған зорлық-зомбылықтың барлық түрлері үшін жазаны күшейтуді атап өтуге болады.

Мәселен, адамды ұрып-соққаны, денсаулыққа жеңіл, ауырлығы орташа және ауыр зиян келтіргені, азаптап-қинағаны үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілді және күшейтілді.

Бұдан бөлек, тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілерін анықтауға және алдын-алуға бағытталған бірқатар шара көзделген, - деп жазды ол.

Ерлан Қарин аталған заң жобасын депутаттар, мемлекеттік органдар, сарапшылар қауымдастығы және қоғамдық ұйымдар бірлесіп әзірлегенін айтты.

Сондай-ақ бұл құжатты дайындауға Балалар құқығы жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева белсене атсалысқан.

Барлық жаңалықтар