00:00
Астана -10oC
USD:
442.05
EUR:
474.14
RUB:
4.74
Іздеу

«Халықтық заңгер»: Еңбек министрлігінде азаматтарды қабылдау өтеді

24.05.2023 | 23:00
43

26 мамырда сағат 16:00-ден 18:00-ге дейін «Халықтық заңгер» дәстүрлі республикалық акциясы аясында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің қоғамдық қабылдау бөлімінде азаматтардың сұрақтары бойынша құқықтық көмек көрсету бойынша азаматтарды қабылдау өтеді, деп хабарлады Elorda.info.

Сонымен қатар, азаматтарға әлеуметтік-еңбек саласындағы заңнамалардағы өзгертулер мен жаңа нормалар түсіндіріледі.

Акцияның мақсаты – азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру және құқықтық көмек көрсету.

Азаматтарды қабылдауға министрліктің құрылымдық бөлімшелері мен комитеттерінің басшылары және мамандары қатысады.

Өтетін орны: Астана қ., Мәңгілік ел даңғылы, 8, «Министрліктер үйі» ғимараты.

Барлық жаңалықтар