00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Елордада жыл басынан бері 6 бала терезеден құлаған

19.05.2023 | 22:00
57
Фото: gov.kz

Астанада жыл басынан бері 6 бала терезеден құлап кеткен, деп хабарлады Elorda.info ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Жыл басынан бері Елордада балалардың терезеден құлауының 6 дерегі тіркелген. Қуанышқа орай, барлық бала жарақат алғанымен, тірі қалған.

Соның бірінде полицияға үйдің үшінші қабатынан баланың құлап кеткені туралы қоңырау келіп түскен. 2 жасар баланың үйде үлкен балалармен қалған және терезеге көтеріліп, масаға қарсы торға сүйеніп тұрып құлап кеткені анықталды.

Сәби ауруханаға жатқызылды.

Полиция қызметкерлері ата-аналарға балалар қауіпсіздігі ережелерін сақтау қажеттін ескертеді. Құлаудың басым көпшілігі ересектердің балалардың жүріс-тұрысын бақыламауынан, терезелерді жабуды ұмытып кететін жақын туғандарының немқұрайлылығынан, терезелерде блок-құлыптардың болмауынан, балаларға терезеге өздігінен көтерілуге мүмкіндік беретін жиһаздың дұрыс орналаспауынан және терезе жабық тұрғандай иллюзия тудыратын масаға қарсы торлардың болуынан туындайды.

Барлық жаңалықтар