00:00
Астана -10oC
USD:
475.03
EUR:
517.21
RUB:
5.44
Іздеу

Еліміздің су шаруашылығы саласында 10 мыңнан аса адам еңбек етеді

Еліміздің су шаруашылығы саласында 10 мыңнан аса адам еңбек етеді
фото: Су ресурстары министрлігі

Қазақстанда 9 шілдеде су шаруашылығы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі аталып өтіледі. Бүгінгі таңда «Қазсушар», «Нұра топтық су құбыры» және Су ресурстары және ирригация министрлігінің мамандарын қосқанда еліміздің су саласында 10 мыңнан астам адам еңбек етеді, деп хабарлады Elorda.info.

Министр Нұржан Нұржігітов еліміздің су шаруашылығы қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады.

«Құрметті әріптестер, сіздерге зор денсаулық, қажымас қайрат, қызметте табыс және отбасында бақыт-береке тілеймін. Сіздердің күнделікті жұмысыңыздың арқасында қазақстандықтар тіршілік нәрімен, ал ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіп саласы ел экономикасын дамыту үшін қажет су ресурсымен қамтамасыз етілген. Су тасқыны кезінде тәулік бойы жұмыс істеген мамандарға ерекше алғыс білдіремін. Климаттық жағдайларға байланысты биыл түрлі қиындыққа тап болдық. Дегенмен, сіздердің күш-жігеріңіз, біліміңіз бен жанқиярлық еңбегіңіздің арқасында тасқын суды қауіпсіз өткізіп қана қоймай, еліміздің су қоймаларын суға толтырдық», — деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

Барлық жаңалықтар