Еліміздегі орташа зейнетақы мөлшері белгілі болды
![](/img/watch-gray.png)
![Еліміздегі орташа зейнетақы мөлшері белгілі болды](/img/articles/dd950a1798af5e18206004b60066a9fd.jpg)
Жыл басынан бастап республикалық бюджеттен 926,5 млрд теңге сомасына зейнетақы төленді. Оның ішінде базалық зейнетақы төлеуге – 291,4 млрд теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге – 635,1 млрд теңге қарастырылды, деп хабарлады Elorda.info.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, елімізде 2 млн 364 мың зейнеткер бар.
1 сәуірдегі жағдай бойынша жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 132 595 теңгені құрады, оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері – 89 901 теңге, базалық зейнетақы – 42 694 теңге.
2018 жылғы 1 шілдеден бастап мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі зейнетақы жүйесіндегі өтілін ескере отырып, әр алушыға жеке тағайындалады, - делінген хабарламада.
Бұл ретте 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ынтымақты жүйеде жұмыс істеген уақыты, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналары төленген кезеңдер зейнетақы жүйесіндегі еңбек өтіліне қосылады.
Егер азаматтың зейнетақы жүйесіндегі өтілі 10 жыл немесе одан аз болса, сондай-ақ мүлде жоқ болса, базалық зейнетақы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 65%-ына тең болса, содан кейін 10 жылдан асқан әр жыл үшін оның мөлшері 2%-ға артады. Ал егер сіздің өтіліңіз 20 жыл болса, базалық зейнетақы төменгі күнкөріс деңгейінің 85%-ын құрайды. Еңбек өтілі 30 жыл немесе одан көп болса, күнкөріс деңгейінің ең жоғарғы мөлшерінде яғни 105% белгіленеді.
Егер бір ай ішінде міндетті зейнетақы жарналары Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына бірнеше рет аударылса, жинақтаушы жүйеге қатысу мерзімі бір айды құрайды.
Осылайша міндетті зейнетақы жарналары неғұрлым тұрақты және толық көлемде аударылатын болса, зейнет жасына жеткенде базалық зейнетақы төлемдерінің мөлшері соғұрлым көп болады.
Өз кезегінде азаматтың жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің мөлшері 1998 жылғы 1 қаңтардағы жұмыс өтіліне (кем дегенде 6 ай қажет) және зейнеткерлікке дейінгі кезеңдегі орташа айлық табысына байланысты болады.
![Елімізде субсидия беру шарттарына өзгеріс енгізілді](/img/articles/32e341cd42188f1ca288ab321c83a9f7.jpg)
![Майқайың кенішінде 7 ай бұрын шұңқырға құлаған автобус табылды](/img/articles/d6def48c7dabbdda6b14c0f21a41e279.jpg)
![Мас күйінде көлік жүргізген Қостанайдың бас имамы қызметінен кетті](/img/articles/31ad1caff5adaf4bdf664ef4e3ec8388.jpg)
![Қызылордада 150 отбасы баспаналы болды](/img/articles/f85ae577a82ba1fd63c2b6a7587adc9a.jpg)
![Елімізде «Балаларды суда қорғаңыздар» республикалық акциясы басталды](/img/articles/2c30bbdac73444ea15b131f7dc7ffeae.jpeg)
![Қызылордада қан орталығы ашылды](/img/articles/9cf5d69f522d9e3d6dee9b4df0a8dc73.jpg)
![Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау мәселелері талқыланды](/img/articles/c41ec71c9f2ecdeca01914ebeca009b4.jpg)
![Мектеп жиналысында бірін-бірі балағаттаған ақсулық ата-аналардың ісі сотта қаралды](/img/articles/1c5c264c10b72372cb7451ac5db5b731.webp)
![Қазақстанда алғаш рет ұрықтың өмірін сақтау бойынша бірегей ота жасалды](/img/articles/ee78cb17332100fb0da38d418a5bd9d2.jpg)
![Шымкентте «ауызашар» өткізем деп радикалды ұйымға үгіттеген топ мүшелері ұсталды](/img/articles/1bba407652f531cbfc1bb54a633f21ea.webp)
![«Келешек» бағдарламасы: Балаға есепшотты қашан ашу керек?](/img/articles/529b59b614c141fefc4d2f3bf14ec0db.jpeg)
![Ата-ана мен баланың арасындағы қарым-қатынас неге бұзылады](/img/articles/uploads/M_Qaq_Pc96_HOS_Tw3_Kfp_K61_DH_1_Dk_V4_Pjc_To_Kg1_I_Vh_Bo_jpg_width_1200_Xheight_auto_Xtype_1_1811cf51e9.jpg)
![Роман Скляр Ақтөбе облысындағы су тасқыны жағдайымен танысты](/img/articles/503331a18b750342f54edc9152e1a544.jpg)
![2023 жылы Ораза қашан басталады](/img/articles/uploads/633ada224c5d0678507428_78f7824421.jpg)
![Қазіргі таңда тұтас ел болып осы алпауыт апатпен күресіп жатыр- Аян Сәлімгерей](/img/articles/a4cd1694e8de78c3d0a0acda41fe3dfa.jpeg)
![Тойға қанша қаражат жұмсаймыз?](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2023_08_24_at_15_45_08_6d81d50650.jpeg)
![«Алтын белгі» алуға қойылатын талаптар күшейтілуі мүмкін](/img/articles/uploads/616ff04176bd9683684180_84dea5293b.jpg)
![«Отау»: Жаңа тұрғын үй бағдарламасы арқылы кімдер баспана алады?](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2024_02_29_at_11_17_01_cdcebeeef0.jpeg)
![Елордада әлеуметтік қолдау мәселелері бойынша халықпен кездесу өтті](/img/articles/968227457805fc2cb35e3ae3076ae9d7.jpg)
![Шерзод Пулатов: Ассамблея – ұлт бірлігі мен ынтымағының тиімді жолбасшысы](/img/articles/86afd90d3edc2e03a928d313cc3c230a.jpg)