00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Елде қанша шетел азаматы жұмыс істейді?

20.12.2023 | 08:00
40
Фото: дереккөз

1 желтоқсандағы жағдай бойынша жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен ел аумағында 13 870 шетел азаматы еңбек етеді, деп хабарлады Elorda.info.

Шетел жұмыс күшін тартуға рұқсаттардың арасында мынадай санаттар бар: басшылар мен олардың орынбасарлары үшін 374 рұқсат (бірінші санат), құрылымдық бөлімшелердің басшылары үшін 2 742 рұқсат (екінші санат). Тартылған ШЖК негізгі бөлігі үшінші (мамандар) және төртінші (білікті жұмысшылар) санаттарға жатады – тиісінше олар 6 124 және 637 адам. Сондай-ақ маусымдық жұмыстарға 2 183 адам, ал корпоративтік ауыстыру аясында 1 810 адам тартылды, - делінген Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпаратында.

Қазіргі уақытта Қазақстанда ШЖК пайдаланатын 1 690 жұмыс беруші бар. Оларда 464 мыңнан астам Қазақстан азаматы жұмыс істейді, бұл қызметкерлердің жалпы санының 97%-ы.

Экономикалық қызмет түрлері бойынша ең көп жұмыс істейтіндер құрылыс саласында – 3 460 адам (24,9%), ауыл, орман және балық шаруашылығы – 1 649 адам (11,8%), өңдеу өнеркәсібі – 1 300 адам (9,3%), тау-кен өнеркәсібі және карьерлерді қазу – 1 266 адам (9,1%), кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет – 782 адам (5,6%).

Еңбек мигранттары келетін негізгі елдер: Қытай – 4 131 адам (29,7%), Үндістан – 1 281 адам (9,2%), Түркия – 1 249 адам (9%), Өзбекстан – 969 адам (6,9%).

Ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жыл сайын республикаға шетел мамандарын тартуға квота белгілейді және бөледі. 2023 жылы жалпы квота республикадағы жұмыс күшінің санына қатысты 0,24% немесе 22 260 бірлік мөлшерінде белгіленді.

Барлық жаңалықтар