00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғыс айтты

10.04.2024 | 17:51
60
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғыс айтты
Фото: ТЖМ

Танымал әнші әрі музыкант Димаш Құдайберген Ақтөбе облысы ТЖМ 20982 әскери бөлімінің әскери қызметшілерімен кездесті, деп хабарлады Elorda.info.

Құтқарушылар қазіргі уақытта Құлсары қаласындағы су тасқыны салдарын жою бойынша жұмыстар жүргізуде.

Димаш Құдайберген өзінің сапары барысында әскери қызметкерлерге еңбектері үшін алғысын білдірді.

Айта кетейік, аумақтағы авариялық-құтқару жұмыстарына Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе облыстарының және Алматы қаласының құтқарушылары, сондай-ақ ТЖМ, ҚМ және ҰҰ әскери қызметшілері мен ЖАО қызметкерлері жұмылдырылған.

Барлық жаңалықтар